Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«ГМО негізіндегі азық-түліктердің маркировкасы туралы»

Бе

 

   Азық-түліктердің маркировкасы  — бұл қаптамаға немесе тауарға не болмаса басқа қосалқы заттарға салынған мәтін, шартты белгі немесе сурет. Маркировканың басты тағайындалуы, тұтынушыларға тауар жайлы негізгі мәліметтерді  жеткізу, сонымен қатар тауарды идентификациясы. Яғни, маркировкаға орай тұтынушы тауар жайлы өзіне қажет барлық мағлұматты біле алады. Барлық осы мәліметтер ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында және Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарында көрсетілген.  

Жеке айтарымыз, тауарды өндіруші генно-модифицирленген организмдерді (әрі– ГМО) қолданумен алынған тағам өніміндегі компоненттердің құрамы жайлы мәліметтерді енгізуі тиіс.

  Бүгінгі күні ГМО көкейкесті және кең таралған сауалдардың бірі болып табылады, ал көбінесе құрамында ГМО бар азық-түліктер қызықтырады. ГМО (генетикалық модифицирленген организмдер) – бұл тұқым қуалайтын (генетикалық) материалы (ДНК)  табиғи шарттарда іске аспайтын өзгерген организмдер. Бөтен гендерге генді кодты енгізу жолы арқылы жаңа негіздерді берген организмдер. Олардың ДНК өзгерту арқылы өсімдіктер зиянды заттарды жоюдан қалды, олар аяз бен құрғақтықтан қорқатын болды, жемістер мен көкөністер дұрыс әрі біркелкі формаға енді, осы қалыпқа оларды табиғат та жарата алмады, егін мөлшері де өсе бастады, осы азық-түліктерді сақтау мерзімдері де ұлғайды.

  Генно-модифицирленген өсімдіктерден алынған тағам өнімдерінің қаптамасы мен маркировкасы тұтынушы үшін нақты болуы тиіс. Маркировканың тағам өнімдерінің құрамы мен негізі туралы қате көрсетілген белгілері болмауы тиіс. 

  Тағам өнімдерін дайындау технологиялары туралы, «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің 2 тарауының, 9 тарм. сәйкес, өсімдікті немесе микробты тұқымдас ГМО-дан алынған тағамдық шикізаттан тағам өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО сызықтары қолданылуы тиіс.   
   Сонымен қатар, Кеден одағының «Тағам өнімдері маркерлік белгісіне орай» (КО ТР 022/2011) техникалық регламентінің 4.11 тармағына сай, 0,9 пайыздан жоғары ГМО қолданумен байланысты алынған тағам өнімдерін өндіру кезінде, «Генетикалық модифицирленген өнім» немесе «Генно- инжинерлі- модифицирленген организмдерден алынған өнім» немесе «Өнім құрамында генно- инжинерлі- модифицирленген организмдер бар» деген ақпарат міндетті түрде болуы керек.

Осы негізде «Өнім құрамында генно- инжинерлі- модифицирленген организмдер бар» деген ақпарат қапталған өнімдер үшін жеке сөйлем ретінде, ал қапталмаған өнімдерде азық-түлік жайлы көрсеткіштерде соңғы тұтынушыларға сатылу кезінде көрсетілуі тиіс.

Маркировка азық-түлік өнімдерінің құрамындағы ГМО құрамы жайлы жалғыз ақпарат көзі болып табылады. 

Тұтынушыны толық әрі нақты ақпаратты алу құқығынан айыруға болмайды.

Ақсу қалалық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 18.04.

 

 

 


2017-04-18 20:06:10

Сондай-ақ оқыңыз