Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында мемлекеттік қызметтер.

- ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына;

 - ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына;

- ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 40 бұйрығына;

- ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» №307 бұйрығына;

 - ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 28 маусымдағы № 291 бұйрығына;

- ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 22 ақпандағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 91 бұйрығына;

- 2015 жылғы 4 мамырдағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 374 бұйрығына;

 - ҚР ҰЭМ 2016 жылғы 24 тамыздағы  «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 382 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

   Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы, 2-тармағының 2) тармақшасына, ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына  сәйкес халықтың аз қозғалатын тобына қызмет көрсету Басқармада кезектен тыс жүзеге асырылады, бұл туралы тиісті ақпарат орналастырылған. 

  Бірінші қабаттағы холлда, көзге түсетін жерде мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттар орналастырылған, өтініш жазу үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетудегі Стандарттар мен Регламенттер көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілетіні туралы ақпарат орнатылған.

  2017 жылғы 1 тоқсанда басқармамен мемлекеттік қызметтердің екі түрі көрсетілді:
   1) «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;

  2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, қайта жаңарту және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»; зиянды заттарды рұқсат етілген шекті шығарындысы және рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативті құжаттардың жобасы және қоршаған ортаға физикалық факторлары және санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары туралы.

  Рұқсат беру құжаттарын қабылдау мен беру «бір терезе» принципі негізінде 1-ші қабатта орналасқан кеңсе арқылы жүзеге асырылады

  Кеңес беру бөлмесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау органымен көрсетілетін көзге түсетін жерде мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттар орналасқан (мемлекеттік және орыс тілдерде).  2017 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсетілгендердің саны 63 (бас тартуды есептемегенде). Қағаз жүзінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.        

 Мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылығын және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесінің электрондық формада құрылуын бақылау мақсатында департаменттің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 3-05-68-Ө бұйрығымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту шаралары туралы» құрылымдық  бөлімше басшыларының мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің сақталуына жеке жауапкершілігі белгіленді, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде есеп деректерін уақытылы және шынайы көрсету. Мемлекеттік қызмет көрсету сапалығына арыз түскен жоқ  "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру сұрағы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 1 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінде қызмет алушылардың ақпараттандыруларын арттыру бойынша 3 түсіндірме шаралары өткізілді.

  3 семинар өткізілді, дөңгелек үстел-0, Ақсу қаласы әкімінің сайтына мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтарындағы қызметі туралы есептер және Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бекітілген стандарттар мен қызметтер туралы Ақсу қаласы әкімінің сайтына 1 орналастырылды.
  Түсіндірме шараларымен қамтылған тұлғалардың саны 38 адам.

Біліктілігін арттыру курсынан өткендердің саны - 1 адам.
   Апта сайын бейсенбі күндері «Ашық есік күндері» шеңберінде және «Шұғыл желі» телефоны арқылы кеңес беру және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Апта сайын аппараттық кеңесте мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы қаралады.
         

ҚР ҰЭМ ТҚҚК Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау  департаментінің Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж12.04


2017-04-12 21:11:21

Сондай-ақ оқыңыз