Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Көктемгі су тасу кезеңі бойынша төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғындарды сапалы қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету сұрақтары талқылануымен Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында семинар өткізілді.

    Көктемгі су тасу кезеңі бойынша төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғындарды сапалы қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету сұрақтары талқылануымен Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында семинар өткізілді. Семинарды Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Бектемірова ашты. Семинар жұмысында Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Ақсу қаласындағы филиалының директоры Глюзя Алпысбаева және ауылдық округ әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

 Семинарда көктемгі су тасудағы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері талқыланды, нақты айтқанда Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасын ақпараттандыру қажет екені, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету- ол адамдардың денсаулықтарына қатысты басты міндет екені айтылды.

  Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша осы және басқа сұрақтар туралы және әртүрлі ішек инфекцияларын немесе ауруларды жұқтыру қауіпі туралы бөлім басшысы Т. П. Лоренц атап өтті.

 Семинар барысында қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен алмасты.

 

 

 Ақсу қалалық тұтынушылардың

 құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

2017 11.04.


2017-04-11 10:07:24

Сондай-ақ оқыңыз