Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Біздің мақсатымыз – туберкулезді тоқтату.

   Туберкулез ауруы әлемде кеңінен таралған ауру түріне жатады және халықтың денсаулығына қауіп төндіреді.

Қазақстанда жыл сайын 23 мыңға жуық жаңадан анықталған аурулар тіркеледі. Павлодар облысында 2016 жыл аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, өткен жылмен салыстырғанда 7,5% аурудың төмендегені байқалады.
 Ақсу өңірінде туберкулезбен ауыру 100 мың тұрғынға 45,5 көрсеткішімен 13% төмендеді, 2015 жылғы 53,8 көрсеткішке қарағанда. Алайда, ауру көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан туберкулез мәселесі өзекті болып тұр.
 Бүкіл әлемдік Туберкулезге қарсы күрес күніне орай, 2017 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу бойынша «Туберкулезді жою үшін бәріміз бірігейік!» ұраны бойынша айлық жүргізіледі. Бүгінгі күні туберкулез деген не екенін, күнделікті өмірде оның алдын алу шараларын және өздерінің білімін қолдануы тиіс.
 Туберкулез – инфекциялық (жұқпалы) ауру, ағзаға туберкулез микобактериялары түскен уақытта дами бастайды. Инфекцияны таратушы негізгі көзі- ол туберкулез ауруымен ауыратын адам, әсіресе қақырығы. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сау адам ауруды жұқтыруы мүмкін. Туберкулез адамдарды әлеуметтік жағдайларына және жасына қарамастан зақымдайды, әсіресе ағзалары әлсіз балалар мен ересектерге қауіпті.
Туберкулездің негізгі белгілері:
 - қақырық бөлінумен қоса, 2 апта бойы жөтелу;
- тәбеттің жоғалуы;
- арықтау;
- түңгі тершеңдік;
- дене қызуының 37-37,9º С дейін көтерілуі, әсіресе кешкі уақытта;
- жалпы әлсіздік, шаршау;
- көкірек тұсының ауырсынуы;
   Туберкулезді емдеудегі маңызды жағдай ол ауруды ерте анықтау. Туберкулезді уақытылы және нақты анықтау үшін ауру адам тексерілуі тиіс. Ауруды анықтаудағы ең тиімді әдіс болып табылатындар: бактериологиялық (қақырықты тексеру), балалар мен жасөспірімдерге Манту сынамасын жасау, рентгенологиялық.
 Туберкулез- ол әлеуметтік және медициналық проблема, сондықтан туберкулездің алдын алу үшін әлеуметтік және медициналық бағыттағы кешенді шаралар жүргізіледі.
Туберкулездің алдын алу спецификалық (вакцинациялау) ауруды қоздырушы және санитариялық бағытқа жолданған. Сау адамдарда ауруды ескерту үшін бағытталған. Вакцинациялау әлемдегі 118 мемлекеттерде жүргізіледі және туберкулездің алдын алудағы және аурудың ауыр ағысының дамуын ескертетін ең тиімдісі болып келеді. Вакцинациялау перзентханада, екпе кабинетінде баланың анасының қатысуымен және келісімі бойынша жүргізіледі.
Вакцинациялау ауру жұқтыруды толығымен қамтамасыз етпейді сондықтан да ата-аналар туберкулезді алдын алудағы басқа шараларды да орындаулары тиіс: баланы ауру жұқтырудан оқшаулау, дұрыс физикалық тәрбие, құнарлы тамақтану, ағзаны шынықтыру.
Санитариялық профилактикаға енетін: ауру адам санитариялық гигиеналық ережелерді орындауы. Тұрғындарды флюорографиялық тексеру жолдары туберкулезді анықтаудағы негізгі әдіс болып келеді. Ересек тұлғалар жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтулері керек. Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең әйелдерде туберкулез ошақтарының қозуына ықпал ететін факторлар болып келеді. Босанғаннан кейін әйелдер міндетті түрде бір ай ішінде флюорографиялық тексерілуден өтулері керек.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
1. Туған кезде БЦЖ вакцинациялауын міндетті түрде алу және 6-7 жаста ревакцинацияны жасау.

2. Салауатты өмір салтын ұстану - бұл ет пен сүт,балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдана отырып, толық құнды тамақтану, жүйелі түрде белсенді дене шынықтыру жасап, спортпен айналысу, жақсы демалу,темекі, алкоголь, есірткі тұтынбау.
3. Жеке гигиена ережелерін сақтану  (жөтелген және түшкірген кезде салфеткамен немесе мұрын орамалымен ауызды бүркемелеу).
4. Уақытылы диагностикалау және емделудің толық курсын аяқтаумен туберкулезді емдеу.
5. Жүктілікті жоспарлау.
6. Босанудан кейін уақытылы флюорографиялық тексерілуден өту қажет.

Туберкулез ауруын жұқтыру деңгейі жоғары, сондықтан  әр адам оны білуі және алдын алу шараларын орындаулары тиіс. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарамасаңыз, туберкулез біздің болашағымызға қауіп төндіретіндер қатарында қала береді.


Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 16.03

 

 

 

 

 

 

 


2017-03-17 18:37:33

Сондай-ақ оқыңыз