Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Сарыпты алдын-алу.

    Сарып- созылмалы жұқпалы ауру, адамға ауылшаруашылық жануарлары арқылы жұғады. Ұзақ уақыт бойы еңбекке деген жарамдылықты жоғалтуы және мүгедектік пайда болуы мүмкін. 

Адамдар мен жануарларда сарып ауруы әлемдердегі барлық контингенттерде кездеседі. Қазақстан Республикасының аймағы зоонозды ауруларының ең кеңінен таралатын сандар қатарына жатады. Павлодар облысында 2016жылы адамдар арасында сарып ауруының 27 жағдайлары тіркелген, оның ішінде Ақсу өңірінде 2 жағдай (1 қала тұрғыны, 1 Алғабас ауылының тұрғыны).
Адамдарда сарып ауруы тіркелген өңірлерде, ауылшаруашылық жануарларының сарыппен жоғарғы зақымданулары болып тұр.
Әсіресе, адамдарда ауыр және созылмалы ауруды туғызатын адамға ең қауіпті болып келетін, қой, ешкілердегі сарып ауруы. Сарыппен ауру жануарлармен тығыз байланыста болатын тұлғалар ауырады, мал шаруашылық жұмыскерлері, ет, сүт өңдеу кәсіпорынның, тері зауыттарының жұмыскерлері. Ақырғы жылы уақытша ауылшаруашылық жануарларын күтумен айналысатын тұлғалар ауырады (механизаторлар, әр түрлі сала қызметкерлері), жеке қожалықтардағы жануарлардың иелері және олардың отбасы мүшелері.
Сарып адамға жануарлар арқылы жұғады:
-жануарлар төлдейтін кезеңде ұрықтық су арқылы немесе ұрықпен байланыста болғанда;
-ауру жануарлармен байланыста болғанда, нәпсі арқылы, жануарларға күтім жасағанда, қырыққанда;
-ауру жануарлардың етімен, жүнімен, сүтімен, терісімен байланыс жасағанда;
-ауру жануарлардың қайнатылмаған сүтін қолданғанда немесе термикалық өңдеуден өтпеген сүтті қолданғанда, ондай сүтті пайдаланғанда;;
-бруцелла таяқшалары сақталған шаңмен тыныстағанда, ауру жануарларды қырыққанда, ауру жануарлар тұратын жерді жиыстырғанда.
Сарып ауруы тұмаумен, жіті респираторлы аурулармен, туберкулезбен, ревматизммен, безгекпен, іш сүзегі және т.б. ауруларға ұқсас болып келеді.
Адамда сарып ауруы жіті, дене қызуының 3-7 күн бойы 39-40гр дейін көтерілуінен басталады. Температурасы бола тұра адам қалтырап және тершеңдік басады, басы ауырып әлсіздік пайда болады әсіресі түнгі уақытта. Ең маңыздысы, дәрігердің көмегіне тез арада жүгіну, ауруды нақты анықтау үшін қанды, нәжді, және тері-аллергиялық үлгімен зертханалық әдіспен зерттеу қажет және асқыну жағдайларын алдын алу және тез арада сауығу үшін антибактериалды терапияны бастау қажет.
Уақытылы емес, кешіктіріп диагностикалағанда ауру асқынуы мүмкін, сирек мүгедектікке әкеледі, әсіресе ауру қоздырғышы инфекциясымен ұдайы байланыста болғанда.
Асқынған түрі жалпы интоксикация синдромы арқылы мінезделеді, ұзақ орташа температура байқалады, әлсіздік, ұйқының нашарлауы, ашушаңдық, тәбеттің болмауы, жұмысқа деген ынтаның болмауы. Ағзаның нерв жүйесі, жүрек қан тамырлары зақымданады. Сарыптың асқынған түрінде нерв жүйесінің зақымдануына (жиі невритке, артритке, бауырдың ұлғаюына, лимфа түйіндері, көкбауыр, жүректін зақымдауы радикулитке) әкеледі. Ер адамдардың жыныс мүшесінің зақымдануына әкелулері мүмкін. Жүкті әйелдер жиі өлі туады, мерзімнен ерте босанады, түсік тастайды.
Сарып ауруындағы алдын алу шаралары:
- Жанауарларды үнемі сарып ауруына тесеру жүргізіп, екпе жасау;
- Ауру жануар анықталған жағдайда оқшаулау қажет және күтім жасаған уақытта қауіпсіздік шараларын сақтау керек;
- Дұрыс пісірілмеген сірне және ірімшікті, аз қуырылған немесе қайнатылған еттерді, сүтті қолданбау;
Ет немесе сүтті сатып алғанда сапасы және қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: сарыпты емдегеннен гөрі алдын алу оңай.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

2017 ж 13.03
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 2017 ж .13.03.

 


2017-03-13 17:07:00

Сондай-ақ оқыңыз