Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2016 жылға ақпарат.

  Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен 2016жылы 111 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Оның ішінде:
«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» 52, электронды түрде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің саны-27, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы-25.
  Жоғарғы эпидемиологиялық маңызы бар санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативті құқықтық актілер және гигиеналық нормативтер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды сәйкестік (сәйкессіздік) бойынша берілген-55, барлық көрсетілген 55 мемлекеттік қызмет электронды түрде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілген;
Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру туралы 4 мемлекеттік қызметтер электронды түрде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілген;
  Мемлекеттiк қызметтердің уақытылы көрсетілуін бақылау мақсатында және электронды нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нәтижесін қалыптастыру бойынша құрылымдық бөлімше басшыларына жеке жауапкершілік артылуымен департамент басшысының 2016жылғы 18 сәуірде №3-05-105-Ө бұйрығы шықты.
2016жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында стандарттар мен регламенттер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (Мемлекеттік қызметтерді тұрақты негізде көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу) 28 тармағын орындау шеңберінде, 2015жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызмет тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша ұсынымдар мен тапсырмаларды орындау туралы іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Д. В. Вагаповпен 2016жылғы 20 маусымда бекітілген және 2016жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мемлекеттік қызметті алушыларды ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңнама ережелері оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша стандарттар мен регламенттер,   мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктіліктерін арттыру және рұқсат беру құжаттарын беру барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша басқармамен семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып жүргізілді. Басқарма мамандарымен және Ақсу қаласының және ауылдық аймақтарының жеке кәсіпкерлерімен барлығы 10 түсіндірме жұмыстары жүргізілді, түсіндірме жұмыстарымен 322 адам қамтылды.

Павлодар облысы ТҚҚД
Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 10.03

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2017-03-10 18:32:30

Сондай-ақ оқыңыз