Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

МДҰ (шағын орталыққа) жоба құру үшін төмендегі талаптар әзірленген:

дет

- учаске аумағы қоршалады;

- көп пәтерлі тұрғын үйлердегі МДҰ 1 қабаттан биік емес орналасады;

- көп пәтерлі тұрғын үйлердегі 1 қабаттағы МДҰ: тұрғын үйдің кірісімен қосылмаған жеке кіре берісі бар;

- көп пәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан балалар қысқа мерзімге келетін МДҰ, қосымша құрылған жеке үйлердегі МДҰ жеке жер учаскесі болмауы мүмкін;
- МДҰ топтық алаңы әр топқа арналып қаралады. МДҰ топтық алаңдарының өлшемдері бір орынға 6 м2  кем емес қабылданады. Барлық алаңдарды бір-бірінен жасыл өсінділермен (көшеттермен) оқшаулайды;
- күн мен жауыннан қорғау үшін әр топтық алаңда топтағы 1 орынға 1,6 кв.м. есебінен төбелік қоршау қаралады. Едені ағаштан жасалуы тиіс;

- қозғалыс аппаратының жүйесі ауруларының алдын алу үшін топтық алаңдардағы жабдықтар балалардың жас және дене ерекшеліктеріне сай орнатылуы тиіс. Жабдықтың жабындысы суға төзімді материалдан қаралады;

-балаларды травматизмнен қорғау үшін сәбилер тобындағы балалар үшін шөптен, ал мектеп жасындағы балаларға шөптен немесе құмнан қаралуы тиіс;

-көп пәтерлі тұрғын үйлердегі 1 қабаттарда орналасқан объектілерде орналасқан және қосымша құрылған МДҰ қоқысын жинауға ғимараттан 15 м кем емес қашықтықта қоқыс жинағыштар немесе жалпыға қолданатын қоқыс жинағыштар орнатылады;

- балалар арасында инфекцияның таралуының алдын алу үшін МДҰ топтық оқшаулау принципі сақталады (яғни әр топқа жеке жайлар жиынтығы қаралады). Топтық тордың құрамына қабылдау бөлмесі (шешіну бөлмесі), ойын бөлмесі, ұйықтау бөлмесі, буфет, санитарлық торап кіреді.

Ұйықтау бөлмесі мен ойнау бөлмесін қосуға және шешіну бөлмесінің жалпылама құрылысына рұқсат етіледі.

төменде, негізгі топтағы бөлмелердің саныжәне аудандары көрсетілген:                                                  

киімауыстыратынорын (қабылдаубөлмесі)

ауданы 1 балағакемiнде 0,7 м2;

топбөлмесi (ойынбөлмесi)

1 балағакемiнде 2,5 м2есебіменсәбитоптарыүшін, мектепкедейінгітоптардаауданыкемiнде 2,0 м2;

буфетбөлмесі

кемiнде 3,8 м2;

жатын бөлмесі

1 балаға кемiнде 1,8 м2 есебімен сәби топтары үшін, мектепке дейінгі топтар үшін – кемінде 2,0 м2.

дәретхана

1 балағакемiнде 0,8 м2

 

- медициналық блокты оқшаулау бөлмесімен объектілердің 1 қабатында орналастырады;

-медициналық блоктың жиыны мен алаңы балалар санына байланысты. Мысалы, шағын орталыққа 6 шаршы метрлі мед кабинет және 6 шаршы метрлі оқшаулау бөлмесі жеткілікті; 

- ғимараттардың жертөле және төменгі қабаттардағы жайларда балалар болатын және медициналық жайларға арналған бөлмелерді орналастырмайды;

- медициналық жайлардың, топтық торлардың үстіңгі қабаттары (қабырғалар, еден) биіктігі 1,8 м кес емес суға төзімді материалдан жасалуы тиіс;

- объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың дене және жас ерекшелігіне сай болуы тиіс;

- қабылдау бөлмелері мен шешіну бөлмелері сыртқы киімге арналған шқабтармен және балалар мен қазметкерлерге арналған орындықтармен жабдықталады;

-мектепке дейінгі шағын орталықтардың дәретхана бөлмелерінде 10 тәрбиеленушіге 1 қабыршақ пен 1 унитаз қаралған. Қызметкерлерге жеке санитарлық торап (қабыршақ, унитаз) қаралу қажет.

Назар аударыңыз! Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз, ыстық сумен қамтуды, кәріздеуді, жылу беруді, желдету мен ауа тазалауды қарастыру қажет. Жергілікті пунктте орталықтандырылған сумен қамту, кәріздеу, жылу беру болмаған жағдайда жергілікті жүйелер жабдықталады;  

-дәретхана, буфет, кір жуу, жуыну, душ, тұрғылықты орындарда орталықтандырылған ыстық сумен қамту болмаған жағдайда, сонымен қатар медициналық жайлар мен ас блоктарында ыстық сумен қамту жағдайы болмаса, су жылытқыштар орнатылады; 

- балалар болатын, медициналық кабинетте объектілердің барлық жайларында табиғи жарық беру қаралады; 

-жалпы жасанды жарықтандыру барлық жайларда қаралады;

-1 қабаттарда орналасқан ойын бөлмелерінде жылы едендер қаралады;

- терезелер конструкциясы балалар болатын жайларды кез-келген жыл мезгілінде желдетуге болатын мүмкіншілігі бар жағдайды ұйымдастыру қажет;

-  лас киімді жуу кір жуу бөлмесінде іске асырылады, бірақ та егер жайлар жиынтығы кір жуу бөлмесін ұйымдастыруға мүмкіндік жасамаса, Сіз кір жууға арнайы мамандырылған ұйыммен (аутсорсинг) келісім жасауға болады.

 

     пи Өркендеудің негізі - дұрыс тамақтану! 

Салауатты және қауіпсіз тамақтануға біз аса ерекше назар аударамыз. Бірақ-та, балабақшада тамақтандыруды ұйымдастырған жағдайда бұзушылықтар орын алып, жаппай тамақтан улану жағдайлары пайда болуы және балабақша тамақтан уланудағы жоғарғы деңгейдегі объектісі екенің естен шығармағанымыз жөн.

Типтегі балабақшаға ас блогы және бөлмелердің ауданына нақты талаптар қойылады.Бейімделген ғимараттарда, жеке үй иелігінде орналасқан мектепке дейінгі шағын орталықтарда ас блогы үй-жайларының жиынын: аймақтарды (шикі өнімдерді, дайын өнімдерді өңдеуге арналған, асүй ыдыстарын жууға арналған тарату бөлмесі) бөле отырып, ауданы кемінде 21 м2 болатын ыстық тамақ цехын, көкөністер мен сусымалы өнімдерді сақтау аймағын бөле отырып, қойманы, персоналға арналған бөлмені (бөлінген орынды) қысқарту көзделеді.

Мектепке дейінгі шағын орталықтарда топтық ұяшықтар құрамына буфеттерді орналастыру үшін жағдай болмаған кезде ортақ тамақтану залы көзделеді. Балаларды тамақтандыру график бойынша топтарға бөлек жүзеге асырылады.

Тамақ балабақшаның ас блогында дайындалады, егерде бөлмелердің саны ас блогын ұйымдастыруға жеткіліксіз болса Сіз,санитариялық қағидалардың 135 тармағы негізінде, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар (аутсорсинг) мектепке дейін мекемеге қойылатын талаптарды сақтауларымен арнайы қоғамдық тамақтану мекемесімен тамақ дайындап отырулары үшін келісім-шартқа отыруға болады.

Балалар толық және тәулік бойы болатын сәбилер үйлерінде және МДҰ-да балаларға медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
      Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.

Аз ғана уақытта балалар болатын объектілерде медициналық бөлме қаралмайды.

3. адым.Қайта жөндеу және жаңартудың соңында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына жүгіну қажет.

Ол үшін қажетті:

1)    Өтініш

2)    санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханасымен жүргізілген зерттеу хаттамасы: метеорологиялық факторларды өлшеу хаттамасы (температурасы, ылғал, жылдамдық, ауа қозғалысы), жасанды жарықтандыру деңгейі, шу, діріл, су құбыры жүйесіндегі су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер),  жергілікті ауыз сумен қамту жағдайларында (бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштер, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер), информатика кабинеті болған жағдайда - электромагниттіжәне  электростатистикалық өрістерді зерттеу, объектіні радиологиялық зерттеу.

Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін өтініш үлгісі

____________________________
басшысының Т.А.Ә.
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.,
____________________________
ЖСН/БСН
____________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден ________________________________________________________
                           (аудан, көше, үй, пәтер)
__________________________________________________ бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
                       объектінің нысаналы мақсаты
_____________________________________________________________________
тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

__________________________
қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
      1.
      2.
      3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 10.03


2017-03-10 18:24:24

Сондай-ақ оқыңыз