Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті Zakon.kz редакциясының сұрауына Қазақстандық мектептердегі және бала-бақшалардағы тыйым салынған азық-түлік өнімдері туралы жауап берді.

   ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті Zakon.kz редакциясының сұрауына Қазақстандық мектептердегі және бала-бақшалардағы тыйым салынған азық-түлік өнімдері туралы жауап берді. Белгілі болғандай, рұқсат етілмегендердің тізіміне енгендер: үй жайында дайындалған азық-түлік өнімдері, саңырауқұлақтар, сілікпелер, чипсы, гамбургерлер, газдалған және безалкогольді энергетикалық сусындар, ащы тұздықтар мен кетчуптар, фритюрде қуырылған, шикілеу пісірілген жұмыртқа, майонез немесе қаймақ қосылған салаттар.
ҚР мемлекеттік Бас санитариялық дәрігері Ж. Бекшин атап өткендей бала-бақша және басқа мекемелерде флот макароны мен омлеттерге тыйым салу тамақтан улануды алдын алу мақсатында қоғамдық тамақтану объектілері мен ұйымдасқан балалар ұжымдарына қатысты. «флот макаронына» тыйым салынатын санитариялық ережелердің нормасы республикадағы гигиеналық саладағы ғылыми ұйымдарымен және құзыретті ғалымдармен расталады.
   Мысалы, Н. А. Горбатовскаяның (техника ғылымдарының кандидаты, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының профессоры, Тараз қаласы) комментариіне сәйкес, «флот макароны» тыйым салу нормасы бойынша макаронды әзірлеу барысында жабысқандарды болдырмау мақсатында салқын ағынды су немесе орталықтандырылмаған су құбыры жоқ ауылдық жерлерде өңделмеген ыдыстардағы суларды макаронды шаю үшін қолданады, мұндай суларды шартты-патогенді микрофлора болулары мүмкін. Ал, макарон қоспалары олардың көбеюлеріне жақсы қоректі орта болып табылады., әсіресе балаларға үстелге әкелгенге дейін біршама уақыт өтеді, ол кезең шартты-патогенді микрофлораның дамуына жеткілікті болады. Осыған орай, аталған тағамға фарш үлгісіндегі ет бөлек дайындалады, оның құрамын анықтау қыйынға соғады.
   Тамақты дайындау технологиясын және сақтау мерзімін сақтамау, ол бір қарағаннан «жәй ғана» тамақ болып көрінетін тағам ұйымдасқан балалар ұжымдарында және қоғамдық тамақтану объектілеріне келушілер арасында тамақтан уланудың жоғарғы тәуекелін туғызатын шартты-патогенді микрофлораның көбеюіне қолайлы орта болып келеді. Ж. Бекшин атап өткендей 2014жылы мектептің асблогында тыйым салынған «флот макароны» әзірленуіне байланысты оқушылар арасында 54 зардап шегушілермен топтық тамақтан улану жағдайлары орын алған (Қостанай қаласы, 1Л мектебі).
   Оның айтуынша, ұйымдасқан балалар ұжымдарында және қоғамдық тамақтану объектілерінде әзірлеу нормаларын сақтаған жағдайда омлетті әзірлеуге санитариялық ережелермен тыйым салынбайды.
   Жұмыртқада болатын патогенді микрофлораны, сальмонеллаларды жою үшін омлетті әзірлеу барысында қоспа қабатының қалыңдығы тиімді термиялық өңдеуді алу мақсатында регламенттеледі. Омлеттің қабаты қалың болғанда (2,5-3 сантиметрден аса) омлеттің барлық қабатын біркелкі қуыру мүмкін емес. Омлеттің төменгі және жоғарғы қабаттары күйіп кетеді, ал ортаңғы қабаты піспей қалғандықтан, сальмонеллезді жұқтырулары мүмкін.
ҚР ТҚҚК Төрағасының орынбасары атап өткендей- құзыретті ғалымдардың көзқарасына сүйене отыра және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі жаппай тамақтан улануды алдын алу, бала-бақшаларда, мектептерде және асханаларда тыйым салынған «флот макароны» әзірленулерін анықтау және қоғамдық тамақтану объектілерінде және балалар ұжымдарында ғылыми негізделген тағам әзірлеудегі жекелеген мәселелерді реттеу және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады.


Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 2017 ж 16.02


2017-02-16 09:25:41

Сондай-ақ оқыңыз