Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларының өзгерулері туралы.

Міндетті медициналық қарап тексеруді
өткізу қағидаларының өзгерулері туралы.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016жылғы 23 қарашадағы №485 бұйрығымен, қолданысқа 2017жылғы 11 ақпанда енетін міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына өзгерулер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі -Қағидалары).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бектілген міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары міндетті медициналық қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды. Осы Қағидаларды жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ведомстволық қатыстылығына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы міндетті.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер арасында, әкімшілік-шаруашылық қызметінің қызметкерлері: бухгалтер, күзетші, аула сыпырушы, күзет қызметі, қызметтік-әкімшілік үй-жайларды жиыстырып-тазалайтын  техникалық персоналдың халықтың декреттелген тобының тізбесіне кірмейтіндігі туралы жаңа қосымша тармақ ерекше назар аударуға тұрады.
  Мұнымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы медициналық анықтаманы медициналық ұйымның міндетті алдын ала медициналық қарап тексеруден өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған тұлғаларға ғана беретіндігі белгіленді.
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен етене жұмыс істейтін тұлғаларды міндетті мерзімдік медициналық қарап тексерулерді өткізген кезде 086/у нысанындағы анықтама беру міндеті алынып тасталды. Бұл ретте медициналық қарап тексерудің түріне қарамастан, дәрігерлік комиссияның кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытындысы жұмыс берушіге бір мезгілде зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеу қарсы көрсетілімді тұлғаны хабарлаумен, үш жұмыс күнінің ішінде жіберілетін болады. Жұмыс берушілердің міндетті медициналық қарап тексеруге жататын тұлғалар тізімдерін жасау тәртібі нақтыланды. Жұмыс берушілер олар болған кезде міндетті медициналық қарап тексерулер өткізілетін кәсіптер, зиянды өндірістік факторлар Тізбесіне сәйкес, белгіленген нысан бойынша міндетті медициналық қарап тексеруге жататын тұлғалар тізімін 1 желтоқсаннан кешіктірмей жасаулары тиіс. Бұл тізбе ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген. Бұдан кейін жұмыс беруші бұл тізімді халықтың санитариялық-эпидемиолдогиялық салауаттылығы (оның ішінде көліктегі) саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісуге міндетті.
Бұған қоса, Қағидалардан медициналық қарап тексерулер кезінде міндетті болып табылатын қарап тексерулер мен зертханалық зерттеулердің тізбесі белгіленген 33 тармақ алынып тасталды. Сондай-ақ, жаңа редакцияда міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын қызметкерлер Тізбесі, эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функциялық зерттеулердің дүркіндігі мен көлемі ұсынылған.
Ендігі жерде міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын тұлғаларға мыналар жатады:
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері.
Тамақ өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлері.
Азық-түлік саудасы объектілерінің қызметкерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын тұлғалар.
Крем-кондитерлік өндірістер мен балалар сүт асүйлерінің қызметкерлері.
Жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен вокзалдары, автовокзалдар, метрополитендер) қызметкерлері.
Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз көлігі мен әуе көлігінің стюардтары.
Бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беру оқу орындарының, мектептен тыс мекемелердің (балаларға қосымша білім беру мекемелерінің), компьютерлік клубтардың қызметкерлері.
Балалар мен жасөспірімдің маусымдық сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері.
Мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалардың санаториялық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасылық үлгідегі үйлердің қызметкерлері.
Жұмысы инвазивтік емшаралармен байланысты емес медициналық ұйымдардың қызметкерлері.
Инвазивті диагностикалық және емдеу емшараларын жүргізетін медициналық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ биологиялық материалмен жанасатын медициналық қызметкерлер.
Перзентханалардың (бөлімшелерінің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелер бөлімшелерінің медициналық қызметкерлері.
Биологиялық материалмен жанасатын медициналық ұйымдардың кіші персоналы.
Қызмет көрсету саласының (моншалар, седезгіліктер, сауналар, шаштараздар, химиялық тазартулар, қоғамдық дәретханалар) қызметкерлері, бассейндер мен сумен емдеу мекемелерінің, балшықпен емдеу мекемелерінің, спорттық-сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері, мейманханалар, мотельдер, жатақханалар, кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері, қабат меңгерушілері.
Әдемілік салондарының, тері жабындарының бүтіндігі бұзылуымен манипуляцияларды (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер көрсету) жүзеге асыратын косметологиялық және косметикалық кабинеттердің қызметкерлері.
Санаторийлер, демалыс үйлерінің, мүгедектер мен қарттарға арналған пансионаттар, интернаттар мен үйлердің қызметкерлері, үйде қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік қызметкерлер.
Дәрілік заттарды дайындаумен, қаптамалаумен және өткізумен қамтылған дәріханалардың,фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) қызметкерлері.
Су дайындауға тікелей қатысы бар суқұбырлық құрылыстардың қызметкерлері, су құбырлары желілеріне қызмет ететін тұлғалар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәпіздік жүйе объектілерінің қызметкерлері.
Қызметкерлері міндетті медициналық тексеріп-қарауларға жататын ұйымдарда практика басталардың алдында және өту кезеңінің ішінде жалпы білім беру мектептерінің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері). Жоғарыда көрсетілген тұлғаларды зертханалық және функциялық зерттеулердің дүркіндігі мен көлемі Тізбеде көрсетілген.
Медициналық тексерілуден өту сұрақтары бойынша Ақсу қаласының және ауылдық аймақтарының тұрғындары Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына мына телефондар арқылы хабарласуларына болады: 62987, 65526

Павлодар облысы ТҚҚД
Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

 

2017 ж 15.02


2017-02-15 17:48:48

Сондай-ақ оқыңыз