Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Теміртапшылығы анемия және алдыналу жолдары.

         Теміртапшылығы анемиясы– қан сарысуында, сүйек кемігінде, деподағы темірдің тапшылығынан болатын ауру. Темір және темір тапшылығы анемиясымен зардап шегетін адамдар, жер бетіндегі халықтың 15-20% құрайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша Қазақстан Республикасының  6 млн. астам тұрғындары және оның жартысына жуық балалар минералдар мен дәрумендердің тапшылығынан зардап шегеді.

  Темір тапшылығының себебі темір иондарының организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамиды.

Темірдің жұмсалуы жиі қан жоғалтқан жағдайларда немесе физиологиялық жағдайларға (жүктілік, бойдың тез өсуі) байланысты болады. Ересек адамдарда темір тапшылығы қан жоғалтқан жағдайларда пайда болады. Көбінесе тұрақты кішігірім қан кету және созылмалы қан кету жағдайлары темірдің теріс балансын туғызады.

Тамақтану рационында қажетті мөлшерде дәрумендер болмаған жағдайда, тамақты тоя жемегенде немесе аш болған жағдайда, емдік мақсатта тамақтануға шектеу қойғанда, құрамында май және қант көп немесе үнемі біртамақпен тамақтанғанда алиментарлы тұрғыдағы темір тапшылығы балалар мен ересектер арасында дамулары мүмкін. Жүктілік кезінде темір тапшылығы анемиясы болғандықтан балаларға анасының ағзасынан қажетті мөлшерде темір берілмейді.

Анемия балалардың өсуіне және дамуына әсерін тигізеді:

- Қазақстанда жыл сайын 1000-ға жуық бала туу алдында немесе тумай жатып бақилық болады – себебі анасында анемияның асқынған түрі болғандықтан;

- Қазақстанда 6-24 айлық әрбір екінші балада интеллектуалдық немесе жеке қабілеттерінің дамулары бұзылады;

 

- 20 жасқа жеткенде шамамен 1,5 млн. жуық балалар жоғары кірістер алуға және өз қабілеттерін жүзеге асыра алмайды.

Анемия ата-аналардың денсаулығына әсерін тигізеді:

1) 22,6% аналар босану кезінде немесе босанғаннан кейін қайтыс болып жатады, себебі анемияның ауыр түрінен;

2) әрбір төртінші еркек анемиядан зардап шегеді;

3) Физикалық әлсіздік, төзімділіктің төмендеуі, тұрғындардың 20-40% бала туу функцияларының төмендеуі байқалады;

4) тұрғындардың 17-20% еңбек өнімділігінің төмендеуі байқалады.

Павлодар облысында жыл сайын темір тапшылығы анемиясының 6 мың жағдайлары тіркеледі, 2014 жылы ауру көрсеткіші -100 мың тұрғынға 1082,9 құрады, 2015 жылы 100 мың тұрғынға - 832,7 құрады.

 

Қазақстан Республикасының аумағында анемия проблемасы маңыздылығын ескере отыра және оны жою үшін қажетті шараларды қолдану үшін Қазақстанда анемияның алдын алу бойынша Стратегия әзірленді:

  - 2004 жылы жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде микронутриеттермен фортификациялау (байыту) туралы  ҚР заңының баптары қабылданды, оған бірінші кезекте жататындар «В» тобындағы дәрумендер, ниацин, фолий қышқылы және макро, микро элементтері - кальций, калий, темір, йод;

  - 2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) туралы қаулысы шықты;

 - 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) ережесі» 19 қаңтардағы N32 Қаулысы бекітілді;

  - 2009 жылғы 18 қыркүйекте жоғарғы және бірінші сұрыптағы ұндарды міндетті түрде байыту «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі шеңберінде бап қабылданды.

Күнделікті тамақтану барысында байқалатын негізгі дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі фортификацияланған ұнды (байытылған) пайдаланғанда денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізеді.

  Бидай ұнын байыту (дәрумендеу) не үшін қолданылады?

  1. Бірінші және жоғарғы сортты бидай ұнын өндіру кезінде 65-90 % микронутриенттер және дәрумендер жоғалады;

  2. Бірінші сортты бидай ұны Қазақстандағы қол жетімді және арзан негізгі азық-түлік өнімі болып табылады, оны міндетті байытылуы анемия деңгейін және 15-25% барлық тұрғындар арасында дәрумендер тапшылығын төмендетеді.

  3. Ұнды міндетті фортификациялаудағы 57 әлем елдері тәжірибесі көрсеткендей, бұл стратегияның табысты мәселесі барлық тұрғындар арасында микронутриенттер тапшылығының алдын алу болып табылады.

      Біздің Республикамызда дәруменді-минералды кешен әзірленді және бекітілді. 2010 жылдан бастап Степногорск қаласында перемикс өндірісі басталды. 70% - ға дейін ұнды ішкі тұтынудағы 20-ға жуық ірі диірмен тәжірибемен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құнарландырылған ұн және нан тұтынушыларға қолайлы, өйткені бұл өңдеу процесінде жоғалған микроэлементтерді қалпына келтіреді.

 

       ҚР ДМ МСЭҚК 2011 жылғы 6 сәуірдегі «Жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялауға бақылауды күшейту туралы» №70 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялануға бақылау мен қадағалау жүргізіліп отырылады.

Мониторинг қорытындысы бойынша, 2016 жылы Павлодар облысында бірінші және жоғарғы сұрыптағы 16176 тонна ұн өндірілген, оның ішінде 6233 тонна ұн жоғарғы сұрыптағы, 9943 тонна ұн бірінші сұрыптағы. 49 тонна жоғарғы сұрыптағы және 1 сұрыптағы ұн – 205 тонна байытылған ұн өндірілді, ол 0,7% және 2% құрады.

     Павлодар облысында жоғары және бiрiншi сорттағы бидай ұнын байытумен (фортификациялау) жеті кәсіпорын айналысады: ЖК Главацкий «Лоза» ФШ, Павлодар қаласы «Аслан» ЖШС, «Павлодар қаласы «Группа Интер» ЖШС, Павлодар қаласы ЖК Тетенева, Павлодар қаласы «Аквамарин-PV» ЖШС, «Лейла» дейірмен кешені «Еркен» ШҚ Екібастұз қаласы, Ертіс ауданы «Уразбаев» ШҚ.

     Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» N 193-IV Кодексінің 160-бабына  сәйкес, жеке және заңды тұлғалар азық-түлік өнімдерін өндіру барысында, темір тапшылығы жағдайларының алдын алу мақсатында өндірісте тек қана құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылған ұнды және өзге де тамақ өнімдерін пайдалануға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 2017 Ж 15.02


2017-02-15 10:01:20

Сондай-ақ оқыңыз