Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2017 жылдың 16 тамызында балалар шығармашылығы үйінде Ақсу қаласы  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Оған Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев және депутаттар қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 20-тармағына сәйкес Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясына Ақсу қалалық ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттар ретінде 12 адам тіркелген болатын.

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас, Қалқаман, М.Омаров, Қызылжар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлаудағы дауыс беру нәтижесі туралы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Жақыпов жариялады.

Сонымен, дауыс беруге 12 таңдаушы қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Мирхат Валитов, Қалқаман ауылдық округінің әкімі болып  Орда Ермекбаев,  М.Омаров атындағы  ауылдық округінің әкімі болып Сукер Болатхан, Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып Жеңіс Әбікен сайланды.

Депутаттардың сенімді өкілдері Светлана Байманқұлова мен Геннадий Жабаленконы сөзге тартқанымызда олар бірауыздан былай деді:

- Ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы шынайы, айқын, ашық әрі әділ өтті. Біз азаматтардың қызметтеріне сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 18.08


2017-08-18 18:31:30

Сондай-ақ оқыңыз