Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің сайлауларын тағайындау туралы.

 

Ақсу қаласы

город Аксу

2017 жылғы “15”ақпан

“15” февраля 2017 года

 

Қ А У Л Ы 

Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің

сайлауларын тағайындау туралы

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 12) тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының» 9-тармағы 1) тармақшасына сәйкес және Достық селолық округі әкімінің басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы  Ақсу қаласы әкімінің ескерту хаты негізінде, қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің сайлауы 2017 жылғы 6 сәуірге тағайындалсын.

         2. 2017 жылғы 6 сәуірге тағайындалған Достық селолық округі әкімінің сайлауларын дайындаудың және  өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілсін (қоса берілген).

         3. Достық селолық округі әкімінің сайлауы туралы мәлімдемені бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» № 555 Жарлығымен белгіленген қағидаларына сәйкес сайлауларды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету үшін осы қаулыны Ақсу қаласының әкіміне, Ақсу қалалық мәслихатының хатшысына ұсынсын.

 

Қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                          С. Жақыпов

 

Қалалық аумақтық  

сайлау комиссиясының хатшысы                                           М. Әбілтаев

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 03.03


2017-03-03 10:20:57

Сондай-ақ оқыңыз