Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының жария ету субъектілерінен түскен өтініштерді қарау және қабылданған шешімдер бойынша статистикалық ақпарат

Ақсу қаласының жария ету субъектілерінен түскен өтініштерді қарау және қабылданған шешімдер бойынша статистикалық ақпарат

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы “Азаматтарға, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңының (бұдан әрі - Заң) қағидаларын орындау мақсатында, Ақсу қаласында қала әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі “Ақсу қаласында жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу бойынша комиссия құру туралы” № 736/6 қаулысымен мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құрылды.

   Тұтас алғанда Ақсу қаласы бойынша комиссияның қарауына жылжымайтын мүлікті жария ету туралы 33 өтініш түсті, нақтылай айтқанда жалпы сомасы 96 млн. 400 мың теңгеге  32 тұрғын емес объект және жалпы сомасы 5 млн. 500 мың теңгеге 2 тұрғын объекті (бір өтініште екі объект көрсетілген).

      Соның ішінде:

  - 28 өтініш бойынша комиссия оң шешім қабылдады және жалпы сомасы 93 млн. теңгеге 29 объект жария етілді, соның ішінде жалпы сомасы  5 млн. 500 мың теңгеге 2 тұрғын объекті және 87 млн. 500 мың теңгеге  27 тұрғын емес объект, оның 21 объектісі Ақсу қаласында, 8 объект Ақсу қаласының селолық округтерінде орналасқан;

   - құжаттардың толық пакетінің болмауына байланысты жалпы сомасы 5 млн. 400 мың теңге сомасына 3 өтініш қайта жұмыс жасауға қайтарылды (жария ету субъектілері қайтарылған құжаттарды сәйкестікке келтірді және комиссияның қарауына қайта берілді және оң шешім қабылданды);

   - жалпы сомасы 3 млн. 500 мың теңге сомасына 2 өтінішті жария етуден бас тартылды, соның ішінде объекті нормалар мен талаптардың сәйкес болмауына байланысты 1 өтініш, бұл Заңның 3-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына және 1 өтініш объектіні сатып алу-сату шартына сәйкес жеке меншікте тұр.

Ескерту: Жария ету субъектілері жария ететін мүліктің құнын өздері анықтайды.

 

 


2016-02-23 17:50:30

Сондай-ақ оқыңыз