Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Мүлікті жария ету сұрақтар мен жауаптар

СТАТЬЯ 10 КАЗ (17,02kb) СТАТЬЯ 11 КАЗ (16,63kb) СТАТЬЯ 12 КАЗ (17,19kb) СТАТЬЯ 13 КАЗ (17,81kb) СТАТЬЯ 14 КАЗ (19,04kb) СТАТЬЯ 15 КАЗ (17,30kb)

Статья 2 каз, (16,83kb) Статья 3 каз (15,44kb) Статья 4 каз (13,93kb) Статья 5 каз (17,28kb) СТАТЬЯ 6 КАЗ (23,67kb) СТАТЬЯ 7 КАЗ (16,16kb) СТАТЬЯ 8 КАЗ (16,90kb) СТАТЬЯ 9 КАЗ (17,86kb)

            Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы “Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңы (бұдан әрі - Заң) мемлекеттің мүлікті және ақшаны жария ету жөніндегі бірыңғай акцияны мүлікті жария ететін тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жекелеген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктен босату жолымен өткізуіне бағытталған.

           Жеке тұлғалардың құқықтары заңнамалық тәртіпте тіркелмеген немесе ресімделмеген мүлігі заңды есепке алу  және экономикалық қатынастар жүйесінен алынған “көлеңкелі” меншік ретінде қаралады.

              Экономист сарапшылардың есептеуі бойынша, қазіргі уақытта “көлеңкелі” секторда жария етілмеген мүліктің 25-тен 35-ке дейін пайызы жатыр.

            Заңмен шешуге көзделген негізгі міндеттердің бірі оған тартылмаған немесе заңды экономикалық айналымнан шығарылмаған мүлікті экономикалық айналымға тарту  болып табылады.

             Осы мақсаттар үшін Заңның нормаларымен оларда оның құқық белгілейтін құжаттары жоқ мүлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар үшін  осындай мүлікті тіркеу немесе ресімдеу, яғни оны қылмыстық және әкімшілік жазасыз жария ету мүмкіндігі көзделген.

Заңда заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркелмеген немесе ресімделмеген мүлікті жария ету шарттары жан-жақты баяндалған.

           Заңды іске асыру заңды есепке алу және экономикалық қатынас жүйесінен шығарылған мүліктің едәуір бөлігін “көлеңкелі” айналымнан шығаруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде салық салынатын базаны арттыруға апарады, яғни мемлекет бюджетінің кірісіне бұдан артық салық жинауға мүмкіндік береді.  

            Барлық мәселелер жөнінде Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42-үй, 15 кабинет (2-қабат)  мекенжайына, 8/71837/67808 телефоны бойынша “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы   А.С. Рустемхановқа жүгіне аласыздар.

         Мүлікті жария ету жөнінде өткізілетін акция барысында Ақсу қаласының тұрғындарында олардың мүлікті жария етуімен байланысты көптеген сұрақтар туындайды, оған  “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі жан-жақты жауап беретін болады.

- Қандай мүлік жария етуге жатпайды?

- ҚР рақымшылық жасау туралы Заңының 3-бабы 2-тармағына және   3-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген мыналардың нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатпайды:

- жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;

- экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;

- жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;

- инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

            Сонымен қатар, сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан; Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;кредиттер ретiнде алынған ақша; мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

- Мүлікті жария ету мерзімдері қандай?

- ҚР рақымшылық жасау туралы Заңының 4-бабына сәйкес, мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

- Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Барлық мәселелер жөнінде Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42-үй, каб. 15  (2 қабат) мекенжайына,  

8/71837/67808 телефоны бойынша “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.С. Рустемхановқа жүгіне аласыздар.

Мүлікті жария ету

Қазақстанда мүлiктi жария ету 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін созылады.

Ақсу қаласы әкімдігінің жанында барлық туындайтын сұрақтар бойынша жүгінуге болатын комиссия құрылды.

Жылжымайтын мүлік комиссия тиісті шешім шығарған кезден бастап жария етілген деп танылады. Жылжымайтын мүлікті жария еткен субъектілер оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап иелік етуге құқылы.

            Құжаттар көбінесе құжаттардың толық емес топтамасы, жер телімінің нысаналы мақсатының жария етілетін мүлікке сәйкессіздігі үшін қабылданбайды. Мүлікті жария етуге тапсырылатын құжаттарды қабылдамаудың басты себебі қала құрылысы регламеттеріне, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

         Барлық мәселелер жөнінде Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42-үй, 15 кабинет (2-қабат)  мекенжайына, 8/71837/67808 телефоны бойынша “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы    А.С. Рустемхановқа жүгіне аласыздар.

Мүлікті жария ету: сұрақтар мен жауаптар.

         Мүлікті жария ету жөнінде өткізілетін акция барысында Ақсу қаласының тұрғындарында олардың мүлікті жария етуімен байланысты көптеген сұрақтар туындайды, оған “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі жан-жақты жауап береді.

  1. Мен жер телімін жария ете аламын ба?

Жер телімі жария етуге жататын мүліктің тізбесіне жатпайды.

  1. Мен маған тиесілі жердің нысаналы мақсаты ауыл шаруашылық мақсат үшін жер телімінде үй салдым. Мен оны жария ете аламын ба?

Олар меншік құқығындағы жария ету субъектісіне тиесілі жер телімінде орналасқан жағадайда Заңмен құрылыстарды және ғимараттарды жария ету тәртібі көзделгендіктен, жария ете алмайсыз. Сонымен қатар, осындай объектілер жердің нысаналы мақсатына, сондай-ақ құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес болуы керек. Сондықтан Сіздің нысаналы мақсаты ауыл шаруашылық жерлер үшін жер телімінде салынған үйіңіз жария етуге жатпайды. 

  1. Менің бауырымның жалдау құқығында (49 жыл) жер телімі бар. Мен онда техникалық қызмет көрсету станциясын (ТҚКО) жалға беретін үй-жай салдым. Мен осы үй-жайларды жария ете аламын ба?

Жоқ, себебі жария етілетін мүлік жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер телімінде орналасуы тиіс.

  1. Менің Голландияда орналасқан үйді жария еткім келеді. Маған қайда жүгінуге болады?

Сізге жария ету субъектісінің орналасқан жері бойынша салық органына құжаттарды ұсыну қажет.

Барлық мәселелер жөнінде Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42-үй, 15 каб.  (2 қабат), мекенжайына, 8/71837/67808 телефоны бойынша “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.С. Рустемхановқа жүгіне аласыздар.

Мүлікті жария ету

Қазақстанда мүлiктi жария ету 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін созылады.

Ақсу қаласы әкімдігінің жанында барлық туындайтын сұрақтар бойынша жүгінуге болатын комиссия құрылды.

Жылжымайтын мүлік комиссия тиісті шешім шығарған кезден бастап жария етілген деп танылады. Жылжымайтын мүлікті жария еткен субъектілер оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап иелік етуге құқылы.

Құжаттар көбінесе құжаттардың толық емес топтамасы, жер телімінің нысаналы мақсатының жария етілетін мүлікке сәйкессіздігі үшін қабылданбайды. Мүлікті жария етуге тапсырылатын құжаттарды қабылдамаудың басты себебі қала құрылысы регламеттеріне, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

Барлық мәселелер жөнінде Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42-үй,    15 кабинет (2-қабат)  мекенжайына, 8/71837/67808 телефоны бойынша “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы   А.С. Рустемхановқа жүгіне аласыздар.

Мүлікті жария ету: сұрақтар мен жауаптар.

Мүлікті жария ету жөнінде өткізілетін акция барысында Ақсу қаласының тұрғындарында олардың мүлікті жария етуімен байланысты көптеген сұрақтар туындайды, оған “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі жан-жақты жауап береді.

  1. Мүлікті жария ету қандай кезең ішінде өтеді?

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

  1. Мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіле ме?

Қазақстан Республикасының “Азаматтарға, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңына сәйкес мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңымен кепілдік беріледі.

  1. Жылжымайтын мүлікті жария ету құжаттарын қай күнге дейін тапсыруға болады?
  2. 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2016 жылғы 30 қарашаға дейін.

Барлық мәселелер жөнінде Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42-үй, 15 каб.  (2 қабат), мекенжайына, 8/71837/67808 телефоны бойынша “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.С. Рустемхановқа жүгіне аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2016-01-22 10:47:02

Сондай-ақ оқыңыз