Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының насихаттау сипатындағы мүлікті жария ету бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар барысы жайлы

            Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы “Азаматтарға, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі жұршылықты “Ақсу жолы”, “Новый путь” және “Инфо +” газеті сияқты жергілікті баспасөз БАҚ-та мүлікті жария етуді өткізу барысы туралы апта сайын хабардар етеді.

            Билбордтардағы жарнама қалалық ортада ақпаратты тұтынушыларға жеткізудің ең тиімді жолы болып табылады деп есептелінетіндіктен, “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың маусым айында Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10-үй бойынша автомобиль жолының бойына мөлшері 3х6 м. билбордты орналастырды, онда мүлікті және ақшаны жария ету туралы ақпарат, атап айтқанда комиссияның штабы, байланыс телефондары және жария ету акциясының өту мерзімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.

             Сонымен қоса, комиссия мүшелерімен бірлесе отырып, “Ақсу қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК Ақсу бөлімінде, “Ақсу қаласының әділет басқармасы” РММ-де, “Казхром” ТҰК” АҚ және “ЕЭК” АҚ барып, “Мүлікті жария ету”, “Жария етілген мүлікті мемлекеттік тіркеу тәртібі” және “Қазақстан Республикасының аумағындағы және оның шегіндегі мүлікті жария ету” тақырыбына семинар - мәжілістер өткізілді.

           Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 13 ақпаннан бастап 12 наурызға дейін “Әлеуметтік автопоезд” қалалық акциясын өткізу шеңберінде (жария ету мәселелері, әлеуметтік және заң мәселелері, кәсіпкерлік мәселелері бойынша) Ақсу қаласының селолық округтеріне шығу жүзеге асырылды, онда мүлікті жария ету бойынша өткізіліп жатқан акция жөнінде барлық мәселелер қаралды және қойылған сұрақтарға түсіндіру жауаптары берілді.

 

 


2016-01-22 10:43:54

Сондай-ақ оқыңыз