Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қаулы

         "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

      «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 7-тармағына және 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары;
      2) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже;
      3) Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары;
      4) Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары;
      5) жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібібекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен    
бекітілген      

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары

      1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың жанынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру тәртібін айқындайды.
      2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
      3. Тиісті аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссия мүшелерінің лауазымдық деңгейін жергілікті атқарушы органның басшысы айқындайды.
      5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережемен айқындалады.
      6. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
      1) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) жария ету объектісі (ақшадан басқа) туралы мәліметтерді белгілеу;
      3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкестігін айқындау;
      4) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      5) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;
      6) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен    
бекітілген      

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7-тармағынасәйкес әзірленді және Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) өкiлеттiктерін, қызметiн ұйымдастыруды белгілейді.

2. Комиссияның функциялары

      2. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
      1) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың (бұдан әрі – жария ету субъектілері) өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) жария ету объектісі (ақшадан басқа) туралы мәліметтерді белгілеу;
      3) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      4) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;
      5) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.

3. Комиссия құру және оның қызмет ету тәртібі

      3. Комиссия аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылады, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің орынбасары оның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссияның құрамына:
      1) төраға;
      2) төрағаның орынбасары;
      3) мүшелері;
      4) хатшы кіреді.
      5. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, комиссия жүзеге асыратын қызметті жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
      6. Комиссияның хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және оның дауыс беру құқығы жоқ.
      7. Комиссияның хатшысы аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы түсетін комиссияның отырыстарына арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
      8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін комиссияның хатшысы жария етуді өткізу мерзіміне штаттық кестеге сәйкес жалақысы сақтала отырып, негізгі қызметтен босатылады.
      9. Комиссия қажеттілікке қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жиналады.
      10. Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Шешім қабылдаған кезде комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 мөлшерінде кворум сақталуға тиіс.
      11. Комиссия қабылдаған шешімге комиссияның төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары және комиссияның мүшелері қол қояды.
      12. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      13. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетін мүлік (ақшадан басқа) туралы қажетті ақпаратты сұрауға;
      2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдерін тартуға;
      3) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген адамдардан түсінік алуға;
      4) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жүгінген жария ету субъектісіне мүліктің тиесілігін белгілеуге құқылы.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      14. Комиссия өз қызметін Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталған соң тоқтатады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 29 тамыздағы 
№ 959 қаулысымен    
бекітілген       

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету туралы не жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
      2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
      3) аттестатталған сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиiстi аттестаты бар жеке тұлға.

2. Жария етуді өткізу тәртібі

      3. Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу үшін жария ету субъектілері комиссияға немесе салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);
      2) өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) осы Қағидалардың 456 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда өзге құжаттар.
      Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының, салық органының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      4. Жария ету субъектілері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) өтініш комиссияға мұндай мүліктің тұрған жері бойынша берілетін жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады.
      5. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірме не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;
      3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат, бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен қайта есептеледі;
      4) алымның төленгенін растайтын құжат.
      6. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған);
      2) басқа тұлғаның мүлікті жария ететін жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың көшірмесі (нотариат куәландырған);
      3) бағалы қағаздарды жария еткен жағдайда, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;
      4) заңды тұлғаларға қатысу үлесін жария еткен кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін не шешімінен үзінді көшірме.
      Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария ететін жария ету субъектілері салық органына мынадай құжаттарды:
      1) мүліктің бағалау құнын растайтын құжатты;
      2) алымның төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
      7. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:
      1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;
      2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.
      8. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының, салық органының кеңсесі мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.
      9. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай:
      1) Заңда белгiленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған;
      2) ұсынылған құжаттарда өшiрулер мен түзетулер болған;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, себептері көрсетіле отырып қайтарылуға жатады.
      Мүлiктi жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде өтініш беруші Заңда белгiленген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету мерзiмі iшiнде мүлікті жария ету бойынша қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
      10. Жария ету мерзімі ішінде берілген мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініш комиссияға, салық органына берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.
      11. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды алған кезде хатшы/орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын (бұдан әрі – журнал) толтырады. Журнал нөмірленуі (беттері), тігілуі және тиісті жергілікті атқарушы органның, салық органының мөрімен бекітілуі тиіс.
      Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімдемеде (бұдан әрі – тізімдеме) тіркеледі.
      Тізімдеме 2 данада ресімделеді, бірінші дана өтініш берушіге беріледі, екінші дана өтініш беруші ұсынған құжаттарға қоса тігіледі. Бұл ретте, өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс.
      12. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия, салық органы мүлікті жария ету туралы екі шешімнің бірін (бұдан әрі – шешім) қабылдайды:
      1) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы;
      2) жария етуден (ақшадан басқа) бас тарту туралы (бас тартудың себептері көрсетіле отырып).
      13. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы не мүлікті (ақшадан басқа) жария етуден бас тарту туралы комиссияның, салық органының шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан объектіні – жеке тұрғын үй құрылысын (шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды қоса алғанда) жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағының шегінде орналасқан объектіні – өндірістік немесе басқа мақсаттағы объектіні жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, радиациялық және басқа нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.
      14. Комиссия, салық органы мүлiктi жария етуден бас тартуды Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.
      Жария етуден бас тартқан немесе құжаттар топтамасын қайтарған кезде хатшы/орындаушы комиссияның, салық органының төрағасы қол қоятын ілеспе хат дайындайды және журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда, комиссия хатшысы/орындаушы түпнұсқаларды қайтаруы қажет, бұл ретте көрсетілген түпнұсқалардың көшірмелері өтініш берушінің ісінде тігілуі тиіс.
      15. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады.
      16. Комиссияның, салық органының шешімі журналға/жария етілген мүліктің тізіліміне белгіленген нысан бойынша тиісті мәліметтер енгізіледі.
      17. Мүлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшыны (сарапшыларды) тартуды ұйымдастырады.
      Өзге құрылыстың жария етілетін объектілерін техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшыны тартуды өтініш беруші өз бетінше жүзеге асырады.
      Жария ету субъектісі жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, саяжай және өзге құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен әкім аппаратына жүгінеді.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді 
өткізуді ұйымдастыру қағидаларына  
1-қосымша               

Мүлікті жария ету жөніндегі өтініштерді есепке алу журналы

                                                            мың теңге

Р/с

Мүлікті жария ету үшін құжаттар ұсынылған күні

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

ЖСН (жеке тұлға үшін)

Өтініш берушінің тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы

Жария етілетін мүліктің тізбесі

Жария етілетін мүліктің құны

Барлығы

оның ішінде

ҚР аумағындағы мүлік

Шетелдегі жылжымайтын мүлік

Шетелдегі бағалы қағаздар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Р/с

 
 

Жария етілетін мүліктің құны

Комиссияның шешімі

Жауапты адамның Т.А.Ә.

оның ішінде

оның ішінде

Тиісті емес адамға ресімделген бағалы қағаздар

Тиісті емес адамға төленген мүлік

шешім қабылдау туралы хаттаманың нөмірі мен күні

құжаттарды қайтару туралы хаттың нөмірі мен күні

құжаттарды қайтару себебі

1

11

12

13

14

15

16

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді 
өткізуді ұйымдастыру қағидаларына  
2-қосымша               

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін ұсынылған құжаттардың
№ _____ тізімдемесі

Ұсынылған құжаттардың тізбесі

1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________

Құжаттардың саны _____ (__________________________________)
                                     (жазумен)
Құжаттардағы парақтар саны _____ (_________________________)
                                          (жазумен)
Комиссияның хатшысы/жауапты орындаушы_________ 201_жылғы «____»______
                (тегі, аты мен әкесінің аты) қолы

Мөртабан орны
---------------------------------------------------------------------
қию сызығы

Мен,_________________________________________________________
                       (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

      201_ жылғы _______________ № ____ мүлікті жария ету үшін
ұсынылған құжаттардың тізімдемесін іс жүзінде алдым, сондай-ақ жария
ету үшін ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы мен
толықтығы үшін жауаптымын және:
      мен жария ету үшін құжаттарды ұсынған мүлік «Қазақстан
Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан
Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария
етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы
Заңның 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес алынған мүлікке
жатпайтынын растаймын.

Өтініш беруші ____________________________ 201 жылғы «__» ________
              (тегі, аты және әкесінің аты)                  қолы

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді 
өткізуді ұйымдастыру қағидаларына  
3-қосымша              

Мүлікті жария ету жөніндегі комиссия отырысының
№_____ ХАТТАМАСЫ

Төрағалық етуші:_____________________________________________________
                           (тегі, аты және әкесінің аты)
Комиссияның мына мүшелері қатысты: __________________________________
_____________________________________________________________________
                      (тегі, аты және әкесінің аты)

Отырыстың күн тәртібі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Шешім:_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы: _________________________________
                                      (тегі, аты және әкесінің аты)

Комиссия төрағасының, төраға орынбасарының және комиссия мүшелерінің
Т.А.Ә. және қолдары:
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
6.___________________________________________________________________
7.___________________________________________________________________

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді 
өткізуді ұйымдастыру қағидаларына  
4-қосымша             

___________________________
(өтініш берілетін орган) 
___________________________
___________________________
(кімнен)          

Жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін

ӨТІНІШ

Т.А.Ә._______________________________________________________________
ЖСН__________________________________________________________________
Тұратын жері_________________________________________________________
Жеке тұлғаны куәландыратын құжат: түрі, ____________________________,
сериясы __________________ № ___________ _____________________
берілген күні _____________________

Мен, (Т.А.Ә.)_(т.к.а.ж.)__________________________________________________
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      Сізден мынадай мүлікті техникалық тексеру жүргізу тұрғысынан шарт жасасу үшін сарапшы ұсынуды сұраймын:

Объектінің атауы

Объектінің орналасқан жері

     

Қолы:                   Күні:

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен   
бекітілген     

Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтияры бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
      2) тiзiлiм – мүлiкті жария ету барысында жиналған қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды қамтитын ақпараттық ресурс;
      3) өтініш беруші – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

2. Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Тізілімге мәліметтерді комиссияның хатшысы, салық органы мүлікті жария ету туралы шешім шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде, бірақ өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей енгізеді.
      4. Тізілімді мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның хатшысы, салық органы мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
      5. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) мүліктің атауы;
      мүліктің тұрған жері;
      мүліктің бағалық құны;
      комиссияның, салық органының мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша шешімінің нөмірі;
      комиссияның, салық органының мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу бойынша шешім қабылдаған күні;
      өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
      өтініш берушінің қолы;
      хатшының/жауапты орындаушының қолы.
      6. Тізілімде қамтылған мәліметтер құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жариялауға жатпайды.
      7. Жергілікті атқарушы органдарда, салық органдарында жария етілген мүліктің тізілімін сақтау мерзімі – кемінде бес жыл.

Жария етілген мүліктің тізілімін   
жүргізу қағидаларына қосымша     
«Бекітемін» 
Комиссияның төрағасы/Салық органының басшысы
______________________________
____________________________(Т.А.Ә. қолы)
_________________________________________
(күні)

Жария етілген мүліктің
№ _____ ТІЗІЛІМІ

Р/с

Мүліктің атауы

Мүліктің тұрған жері

Жария етілген мүліктің бағалық құны

Шешімнің №

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Р/с

Шешім қабылданған күні

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш берушінің қолы

Хатшының қолы

1

6

7

8

9

Комиссияның хатшысы/жауапты орындаушы:_______________________________
                                        (тегі, аты мен әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен   
бекітілді      

Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға
қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбi

      1. Осы жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес әзірленді және құрылысы бұрын аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жылжымайтын мүлікке (бұдан әрі – жария етілген объект) құқықтарды ресімдей отырып, мемлекеттік тіркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртібін белгілейді.
      2. Мыналар:
      1) мүлікті жария етуді өткізу жөнiндегi комиссияның шешімі;
      2) ғимараттар мен құрылыстарға объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдау үшін негіздеме болып табылады.

 


2016-01-22 10:36:31

Сондай-ақ оқыңыз