Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 қаулысы

      «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары;
      2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi;
      3) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен   
бекiтiлген      

Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде, ал келесi қаржы жылдары тиiстi бюджеттiк бағдарламаларда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн субсидияларды беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Бюджеттiк субсидиялар:
      1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрi – элиттұқымшар) шет елдерден нақты сатып алған жүгерi, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөнiс және жемшөп дақылдарының бiрегей тұқымдарының шығындарын iшiнара өтеуге;
      2) бiрегей тұқым өндiрушiлердiң жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
      3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрi – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгерi, күнбағыс, күрiш, қант қызылшасы, мақта тұқымынан және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiм екпелерiнен басқа, нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелiнетiн тұқымдарды қоса алғанда) үшiн шығындарын iшiнара өтеуге арналған. Егер тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болса және бiрiншi репродукциялы тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшардың шығындарын iшiнара өтеу бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiрудiң жоспардағы көлемiн қамтамасыз ету үшiн элиталық тұқымның ғылыми негiзделген қажеттiлiгiн ескере отырып жүргiзiледi;
      4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жемiс дақылдары мен жүзiмнiң элиталық көшеттерiнiң (бұдан әрi – элиталық көшеттер) құнын iшiнара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын iшiнара арзандату кезiнде 1 тоннаға субсидиялар мөлшерi тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдiсiне) байланысты белгiленедi.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бюджеттiк бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрi – төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.
      4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбiр облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн тұқымның әрбiр түрi бойынша Министрлiк белгiлеген квоталар шегiнде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген шетелдiк сорттардың бiрегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемi үшiн төленедi.
      5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған бiрегей тұқым өндiрушiлерге жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету бойынша нақты орындалған iс-шаралар үшiн төленедi.
      6. Әрбiр бiрегей тұқым өндiрушi үшiн жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi – облыстың жергiлiктi атқарушы органы) өтiнiмдерiн ескере отырып, Министрлiк көп жылдық екпелер алқабына келетiн телiтушiлерге қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес белгiлейдi.
      7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларына әрбiр облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн тұқымның әрбiр түрi бойынша Министрлiк белгiлеген квоталар шегiнде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген сорттардың элиталық тұқымының нарықтық құны бойынша нақты сатып алынған көлемi үшiн дақылдардың түрiне байланысты төленедi.
      8. Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбiр облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн тұқымдар мен көшеттердiң әрбiр түрi бойынша Министрлiк белгiлеген квоталар шегiнде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген жүгерi, күнбағыс, күрiш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттер сорттарының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге нақты сатылған көлемi үшiн дақылдардың түрiне байланысты төленедi.
      9. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлерге төленедi.
      10. Элиттұқымшарлар және тұқым өткiзушiлер жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қан қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген шектi бағадан аспайтын баға бойынша өткiзедi.
      11. Әрбiр элиталық тұқымның түрi бойынша әрбiр тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушысына, жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның әрбiр элиталық тұқымының және көшеттердiң әрбiр түрi бойынша әрбiр элиттұқымшар үшiн квоталарды белгiленген тәртiппен облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
      12. Квоталардың белгiленген көлемiнiң орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудiң уақтылығын бақылау үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы Министрлiкке ағымдағы жылдың 30 шiлдесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде нақты қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерiн көрсетiп, бiрiншi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы аралық есептi, ал қорытынды есептi келесi қаржы жылының 1 ақпанынан кешiктiрмей бередi.
      Квоталардың белгiленген көлемi орындалмаған жағдайда дақылдар бөлiнiсiнде республиканың облыстары үшiн квоталарды қайта бөлудi Министрлiк белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      Егер квоталардың белгiленген көлемiнiң орындалмауы бюджеттiк субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлiк Қазақстан Республикасының Үкiметiне заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде бюджеттiк субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
      13. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге нарықтық бағамен сатады.

2. Ведомствоаралық комиссия құру тәртiбi

      14. Әрбiр тұқымшар және тұқым тұтынушы үшiн элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша субсидиялар сомасын айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрi – ауданның жергiлiктi атқарушы органы) шешiмiмен құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң, ауданның (облыстық маңызы бар қала) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, Министрлiктiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлерi кiретiн ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      Бөлiм Қағидалар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн екi күн iшiнде тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзiмiн көрсете отырып, 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталғаны туралы хабарландырудың, ВАК-тың жұмыс тәртiбiнiң облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етедi.

3. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгерi, қант қызылшасы,
рапс, қытай бұршақ, көкөнiс және жемшөп дақылдарының бiрегей
тұқымдары үшiн аттестатталған элиттұқымшарлар шығындарын
iшiнара және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық
екпелерi аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек
дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының
аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды
толық өтеуге арналған бюджеттiк субсидияларды төлеу тәртiбi

      15. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгерi, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөнiс және жемшөп дақылдарының бiрегей тұқымдары үшiн элиттұқымшарлар шығындарын iшiнара өтеуге бюджеттiк субсидиялар алу үшiн:
      1) элиттұқымшарлар есептi айдан кейiнгi айдың 5 күнiне дейiн, бiрақ тиiстi жылдың 10 қарашасынан кешiктiрмей облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды:
      элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын нақты сатып алу көлемi жөнiндегi тiзiлiмдi;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын кiрiске алу актiлерiн;
      бiрегей тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасын растайтын iлеспе құжаттар;
      тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрi – тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана) тексерiлген тұқымның саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтамасын ұсынады;
      2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi, элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының көлемi бойынша тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемi бойынша жиынтық тiзiлiм жасайды және белгiленген бюджеттiк субсидиялар нормативтерiнiң негiзiнде элиттұқымшарларға төленуi тиiс қаражаттың көлемiн айқындайды.
      16. Элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының көлемi бойынша тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының көлемi бойынша жиынтық тiзiлiмнiң, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын кiрiске алу актiсiнiң, тексерiлген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана анықтамасының нысандарын Министрлiк белгiлейдi.
      17. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы үш жұмыс күнi iшiнде элиттұқымшар ұсынған растаушы құжаттар негiзiнде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгерi, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөнiс және жемшөп дақылдарының шет елдерден нақты сатып алынған бiрегей тұқымдары үшiн аттестатталған элиттұқымшарларға бюджеттiк субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      18. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның төлемдерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлеу шоттарын қоса отырып ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн бередi.
      19. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды өтеу толық көлемде ай сайынғы негiзде жүзеге асырылады.
      Бiрегей тұқым өндiрушiлер бюджеттiк субсидиялар алу үшiн жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету бойынша келтiрiлген шығындар нәтижелерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн, бiрақ тиiстi жылдың 30 қарашасынан кешiктiрмейтiн мерзiмде облыстың жергiлiктi атқарушы органына жасалған шарттардың және келтiрiлген шығындар бойынша төлеу фактiсiн растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн тапсырады.
      Облыстың жергiлiктi атқарушы органы бес жұмыс күнi iшiнде жасалған шарттардың және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың дұрыстығын тексередi және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге бюджеттiк субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
      Жергiлiктi атқарушы орган ведомосты жасағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның төлемдерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ақы төлеу шоттарын қоса отырып екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн бередi.

4. Жүгерi, күнбағыс, күрiш, қант қызылшасы, мақта тұқымдарынан
және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiм көшеттерiнен басқа ауыл
шаруашылығы өсiмдiктерiнiң (Қазақстан Республикасының тұқым
шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа
облыстарынан әкелiнетiн тұқымдарды қоса алғанда) нақты сатып
алынған элиталық тұқымдары үшiн тұқымшарлар мен тұқым
тұтынушылардың шығындарын iшiнара өтеуге арналған бюджеттiк
субсидияларды пайдалану тәртiбi

      20. Нарықтық құны бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымы үшiн бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар жаздық дақылдар бойынша тиiстi жылдың 20 маусымына дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша тиiстi жылдың 10 қарашасына дейiн ВАК-қа:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттың көшiрмесiн (жеке тұлға үшiн шаруа қожалығын құруға әкiм шешiмiнiң көшiрмесiн);
      3) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатының көшiрмелерiн;
      4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiктер сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесi (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы Заңға сәйкес селекциялық жетiстiктi уақытша пайдалану құқығын бередi;
      5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлiнiсiнде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;
      6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактiсiн растау үшiн:
      тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемi бойынша жиынтық тiзiлiмдi;
      элиталық тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшiрмесiн);
      тексерiлген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана анықтамасының көшiрмесiн;
      сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның iшiнде iшiнара өтеудi растайтын, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
      элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
      Бюджеттiк субсидияны төлеу сатып алынған тұқым үшiн төлемдi толық төлеген сатып алушылармен қатар тұқымның нарықтық құнының кемiнде елу пайызы мөлшерiнде iшiнара төлем жасаған сатып алушыларға жүргiзiлуi мүмкiн.
      Бұл ретте, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшiрмесiн құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидияларды алған күнiнен бастап 15 күннен кешiктiрмей ВАК-қа тапсырады.
      Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттiк субсидиялар қайтарылуға тиiс.
      Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi – элиттұқымшар үшiн, екiншiсi – сатып алушы үшiн, үшiншiсi – ауданның жергiлiктi атқарушы органы үшiн, төртiншiсi – облыстың жергiлiктi атқарушы органы үшiн.
      21. Тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттiк субсидиялар алу үшiн:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi;
      2) осы Қағидалардың 20-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың тiзбесiн;
      3) ай сайын 1-күнiне қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның көлемi мен сапасы туралы ақпаратты;
      4) элиталық тұқымды пайдалану фактiсiн растау үшiн:
      элиттұқымшардың нақты өндiрген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарының көлемi бойынша тiзiлiмдi;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарын кiрiске алу актiсiн;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдары егу сынағынан өткiзу актiсiн;
      егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi;
      тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын тапсырады.
      22. ВАК құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды тексередi және осы Қағидаларға 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергiлiктi атқарушы органына бекiтуге жiбередi.
      Егер тұқымды сатып алуға арналған өтiнiмнiң сомасы бөлiнген бюджеттiк қаражаттың сомасынан артық болса, онда элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң өтiнiмдерiнде көрсетiлген егiстiк алқаптарына барабар бөлiнедi.
      23. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы құжаттарды алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде әрбiр тұқымшарға және (немесе) тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша алдын ала квоталарды бекiтедi.
      24. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ауданның жергiлiктi атқарушы органы бекiткен әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрiне алдын ала жасалған квоталарды, сондай-ақ бюджеттiк субсидиялар төлеудiң негiздiлiгiн растайтын мынадай құжаттарды:
      1) тұқымшар және (немесе) тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемi бойынша жиынтық тiзiлiмдi;
      2) элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
      3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтамасының көшiрмесiн тапсырады.
      Егер тұқымшар бiр уақытта элиттұқымшар болған және бiрiншi репродукциялы тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда:
      1) элиттұқымшар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымдарының нақты өндiрген көлемi жөнiндегi тiзiлiмдi;
      2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтамасын ұсынады.
      25. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      он жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, мыналарды:
      1) әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квоталарды;
      2) облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi;
      облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, оларда көрсетiлген элиталық тұқымдардың көлемi мен бюджеттiк субсидиялардың бекiтiлген нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн айқындайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi сатып алынған тұқымның толық құнының 40%-ын құрауы, бiрақ осы қаулымен бекiтiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына бюджеттiк субсидиялар нормативтерiнен артық болмауы тиiс;
      әрбiр тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгiленген квоталар шегiнде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшiн тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын iшiнара өтеуге бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
      26. Тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болған және бiрiншi көбейтiлген тұқымды өндiру үшiн өзi өндiретiн элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      ұсынылған құжаттарды тексередi, мыналарды:
      1) әрбiр тұқымшарға элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квоталарды;
      2) облыс бойынша өндiрiлген алынған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi;
      облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндiрiлген көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, оларда көрсетiлген элиталық тұқымдардың көлемi мен бюджеттiк субсидиялардың бекiтiлген нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн айқындайды;
      әрбiр тұқымшарға белгiленген квоталар шегiнде нақты өндiрiлген элиталық тұқымдар үшiн тұқымшарлардың шығындарын iшiнара өтеуге бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
      27. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарын кiрiске алу актiлерiнiң, тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымдардың саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтаманың, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң, химиялық әдiспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөнiндегi актiнiң, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндiрген көлемi туралы тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Министрлiк бекiтедi.
      28. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның төлемдерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн ақы төлеу шоттарын қоса отырып бередi.

5. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған
жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның
элиталық тұқымдары мен жемiс-жидек дақылдары мен жүзiм
көшеттерiнiң құнын iшiнара арзандатуға арналған бюджеттiк
субсидияларды пайдалану тәртiбi

      29. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгерiнiң, күнбағыстың, күрiштiң, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрi – элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттiк субсидиялар алу үшiн жаздық дақылдар бойынша тиiстi жылдың 20 маусымына дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша тиiстi жылдың 10 қарашасына дейiн ВАК-қа:
      1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiктер сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдары мен көшеттерi белгiленген квоталар шегiнде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлер лицензиялық шартты бередi, ол бойынша патент иесi (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетiстiктi уақытша пайдалану құқығын бередi;
      2) элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлер ай сайын 1-күнiне қарай сатып алушылар бөлiнiсiнде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердiң саны мен сапасы туралы ақпарат бередi;
      3) элиттұқымшарлар мен өткiзушiлер элиталық тұқымдар мен көшеттердi сату фактiсiн растау үшiн:
      элиттұқымшар мен тұқым өткiзушiлер нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердiң көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      элиталық тұқымдар мен көшеттердi өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (сынақтан өткiзу актiсi және сынақтан өткiзу туралы есептi, ал көбейту питомниктерiнiң тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда – тұқымға арналған аттестаттың көшiрмесiн);
      тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестiгi туралы анықтамасын;
      сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердiң бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттердi тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
      элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық көшеттердi сатып алу-сату шартын ұсынады.
      Элиталық тұқымдар мен көшеттердi сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi – элиттұқымшар үшiн, екiншiсi – сатып алушы үшiн, үшiншiсi – ауданның жергiлiктi атқарушы органы үшiн, төртiншiсi – облыстың жергiлiктi атқарушы органы үшiн.
      Химиялық әдiспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған бағамен сатқан элиттұқымшарлар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн қосымша мақта тұқымын химиялық әдiспен өңдеуге арналған шарттардың көшiрмелерiн және химиялық әдiспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актiсiн (тұқым өткiзушiлер – химиялық әдiсi бойынша орындалған жұмыс актiсiн) тапсырады;
      4) ВАК мерзiмi аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымдар мен көшеттердiң нақты сатылған көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы ауданның жергiлiктi атқарушы органына сақтауға тапсырылады;
      5) бөлiм құжаттарды алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды:
      элиттұқымшар (тұқым өткiзушi) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
      элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылатын және сатып алынатын элиталық тұқымдар мен көшеттердiң саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
      тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтамасын тапсырады;
      6) облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердiң нақты сатылған көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi;
      облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердiң нақты сатылған көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, онда көрсетiлген элиталық тұқымдар мен көшеттердiң көлемi мен бекiтiлген бюджеттiк субсидиялар нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн айқындайды;
      әрбiр элиттұқымшарға (тұқым өткiзушiге) белгiленген квоталар шегiнде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердiң құнын iшiнара арзандатуға бюджеттiк субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
      7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттердi сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар (тұқым өткiзушi) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердiң көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердiң көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Министрлiк бекiтедi.
      30. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейiн он жұмыс күн iшiнде көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның төлемдерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидиялар төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ақы төлеу шоттарын қоса отырып екi данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн бередi.
      31. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын 5-күнiне қарай, бiрақ тиiстi жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрмей Министрлiкке тұқым шаруашылығын қолдауға бюджеттiк субсидиялар төлеуге арналған ведомостардың және жиынтық ведомостардың көшiрмелерiн, бюджеттiк субсидиялардың төленген көлемi туралы есептi ұсынады.
      32. Бюджеттiк субсидияларды төлеу тиiмдiлiк, қол жетiмдiлiк, жариялық және ашықтық қағидаттарында жүзеге асырылады.
      082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тұқым шаруашылығын қолдауға бөлiнген субсидиялар туралы ақпарат осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бiр рет, тиiстi жылғы 31 желтоқсаннан кешiктiрмей облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      33. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Министрлiк нәтижелер туралы жасалған келiсiмдер негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердiң уақтылы аударылмағаны үшiн жауапты болады.
      34. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары нысаналы трансферттердi нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келiсiмге сәйкес келмейтiндей пайдаланғаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзбегенi, алынған нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi табыс етпегенi үшiн жауапты болады.

Қағидаларға
1-қосымша 

Бекiтемiн              
_______________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)       
ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)        
20  жылғы «  »           

20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңiнде
аттестатталған тұқымшарларға шет елдерден нақты сатып алған
жүгерi, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақтың, көкөнiс және
жем-шөп дақылдарының бiрегей тұқымдары үшiн бюджеттiк
субсидияларды төлеуге арналған
ведомость

Ауданның атауы

Бiрегей тұқым өндiрушiнiң атауы

Дақыл

Репродук ция

Бiрегей тұқым өндiрудiң жылдық квотасы

Бюджеттiк субсидиялауға құжаттар тапсырылған бiрегей тұқымның нақты көлемi, тонна

Өндiрiлген бiрегей тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

Жыл басынан берi тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан берi төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. «__» ____ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

тонна

сомасы, теңге

жыл басынан берi

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңiнде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ________________________________ облысының
      (Астана және Алматы қалаларының)
      ауыл шаруашылығы басқармасы
      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

Қағидаларға
2-қосымша 

Бекiтемiн               
_______________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)       
ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)        
20  жылғы «  »           

20__ жылғы «___» _______ - «___» __________ кезеңiнде
жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi
аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жемiс-жидек дақылдары
мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған
өндiрiсiне қызмет көрсетуге бюджеттiк субсидияларды төлеуге
арналған ведомость

Ауданның атауы

Бiрегей тұқым өндiрушiнiң атауы

Дақыл

Iс-шара атауы (салу және/ немесе қызмет көрсету)

Салудың және/немесе қызмет көрсетудiң жылдық квотасы

Салынатын және/немесе қызмет көрсетудiң нақты көлемi, га

Салудың және/немесе қызмет көрсетудiң 1 гектарына арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

Жыл басынан берi тиесiлi бюджеттiк субсидия сомасы, теңге

Жыл басынан берi төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. «__» ____ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

га

сомасы, теңге

жыл басынан берi

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңiнде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ________________________________ облысының
      (Астана және Алматы қалаларының)
      ауыл шаруашылығы басқармасы
      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

Қағидаларға
3-қосымша 

_____________________________________________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалаларының)         
ведомствоаралық комиссиясына                                  

Нарықтық құны бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарына бюджеттiк субсидиялар алуға
өтiнiм

1. __________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
               (құрылтай құжаты)
______________________________________________________________ атынан
              (ауыл шаруашылығы тауар өндiрушi)
бiрiншi басшы _______________________________________________________
                               (Т.А.Ә., лауазымы)
_________________ тонна мөлшерiнде сатып алынған және егiс жұмыстарын
жүргiзуге пайдаланылған _____________________________________________
                      (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, репродукциясы)
тұқымын сатып алуға жұмсалған шығындарды iшiнара өтеуге бюджеттiк
субсидия бөлудi сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтiнiшке мыналар қоса берiлiп отыр:
      заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар
үшiн – әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмiнiң көшiрмесi);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне
құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      статистикалық картаның көшiрмесi;
      шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлiк жүкқұжаттары
және басқа да растайтын құжаттар;
      ағымдағы шоттың болуы туралы екiншi деңгейдегi банктiң
анықтамасы.

Тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының заңды мекенжайы
және банктiк деректемелерi __________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (Т.А.Ә., қолы, мөрi)

Қағидаларға
4-қосымша 

____________________________________________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалардың)         
ведомствоаралық комиссиясына                                 

I репродукциялы тұқым өндiруде өзi өндiрген ауыл шаруашылығы
өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшiн бюджеттiк
субсидиялар алуға
өтiнiм

1. __________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
               (құрылтай құжаты)
______________________________________________________________ атынан
               (ауыл шаруашылығы тауар өндiрушi)
бiрiншi басшы _______________________________________________________
                                (Т.А.Ә., лауазымы)
____________ тонна мөлшерiнде егiс жұмыстарын жүргiзуге пайдаланылған
_____________________________________________________________________
            (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтiлуi)
I репродукциялы тұқым өндiру үшiн өзiнiң өндiрiсiндегi элиталық
тұқымды пайдаланған элиталық тұқымға субсидия бөлудi сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтiнiмге мыналар қоса берiлiп отыр:
      заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар
үшiн – әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмiнiң көшiрмесi);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне
құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      статистикалық картаның көшiрмесi;
      шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлiк жүкқұжаттары
және басқа да растайтын құжаттар;
      ағымдағы шоттың болуы туралы екiншi деңгейдегi банктiң
анықтамасы.

Тұқымшардың заңды мекенжайы
және банктiк деректемелерi __________________________________________
_____________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә., қолы, мөрi)

Қағидаларға
5-қосымша 

Бекiтемiн                
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалаларының)      
_______________________ ауданының әкiмi
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)         
20  жылғы «  »            

Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң нарық құнымен сатып алынған
элиталық тұқымдарына бюджеттiк субсидиялар алу үшiн әрбiр
тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбiр түрi
бойынша алдын ала
квоталар

Р/с

Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы

Субъектiнiң мәртебесi (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы)

Дақыл

Сорт, будан

Репродукция

Квотаны белгiлеуге арналған тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының өтiнiмi

ВАК белгiлеген алдын ала квота

тонна

сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге

тонна

1 тоннаға субсидия нормативi, теңге

барлық көлемге тиесiлi сомма, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс бойынша барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ВАК төрағасы ____________________
                   (қолы, Т.А.Ә., мөрi)

      ВАК мүшелерi ____________________          ____________________
                   (қолы, Т.А.Ә., мөрi)          (қолы, Т.А.Ә., мөрi)
                   ____________________
                   (қолы, Т.А.Ә., мөрi)

Қағидаларға
6-қосымша 

Бекiтемiн              
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалаларының)      
_______________________ ауданының әкiмi
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)        
20  жылғы «  »           

I репродукциялы тұқымдарды өндiру кезiндегi өзi өндiрген ауыл
шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымдарын пайдаланғанына
бюджеттiк субсидиялар алу үшiн элиталық тұқымның әрбiр түрi
бойынша әрбiр тұқымшарға арналған алдын ала
квоталар

Р/с

Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы

Субъектiнiң мәртебесi (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы)

Дақыл

Сорт, будан

Репродукцияны

Квотаны белгiлеуге арналған тұқымшар өтiнiмi

ВАК белгiленген алдын ала квота

тонна

сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге

тонна

1 тоннаға субсидия нормативi, теңге

барлық көлемге тиесiлi сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс бойынша барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ВАК төрағасы ____________________
                   (қолы, Т.А.Ә., мөрi)

      ВАК мүшелерi ____________________           ___________________
                   (қолы, Т.А.Ә., мөрi)           (қолы,Т.А.Ә., мөрi)
                   ____________________
                   (қолы, Т.А.Ә., мөрi)

Қағидаларға
7-қосымша 

Бекiтемiн               
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)       
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)         
20  жылғы «  »            

20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңiнде
тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың нақты сатып алған
элиталық тұқымы үшiн шығындарын iшiнара өтеуге бюджеттiк
субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
ведомость

Ауданның атауы

Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы

Субъектiнiң мәртебесi (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы)

Дақыл

Сатып алынған құн

Элиталық тұқымды сатып алудың жылдық квотасы

Бюджеттiк субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты сатып алынған көлемi, тонна

Сатып алынған элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

Жыл басынан берi тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан берi төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. «__» ____ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

тонна

сомасы (теңге)

жыл басынан берi

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңiнде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ________________________________ облысының
      (Астана және Алматы қалаларының)
      Ауыл шаруашылығы басқармасы
      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

Қағидаларға
8-қосымша 

Бекiтемiн                 
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)       
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)         
20  жылғы «  »            

20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңiнде
өндiрiлген элиталық тұқымдар үшiн тұқымшарлардың шығынын
iшiнара өтеуге бюджеттiк субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
ведомость

Ауданның атауы

Элиталық тұқым өндiрушiнiң атауы

Дақыл

Репродукция

Элиталық тұқымды өндiрудiң жылдық квотасы

Бюджеттiк субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты көлемi, тонна

Өндiрiлген элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

Жыл басынан берi тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан берi төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. «__» ____ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

тонна

сомасы, теңге

жыл басынан берi

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңiнде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ________________________________ облысының
      (Астана және Алматы қалаларының)
      Ауыл шаруашылығы басқармасы
      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

Қағидаларға
9-қосымша 

Бекiтемiн                
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)       
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)        
20  жылғы «  »           

20__ жылғы «__» _________ - «__» ___________ кезеңiнде
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған
элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын iшiнара өтеуге бюджеттiк
субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
ведомость

Ауданның атауы

Элиттұқымшар атауы

Дақыл

Сатылған күнi

Элиталық тұқымдар мен көшеттердi сатудың жылдық квотасы

Бюджеттiк субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымдар мен көшеттердiң нақты сатылған көлемi, тонна/дана

Сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердiң 1 тоннасына (данасына) арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

Жыл басынан берi тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан берi төленгенi, теңге

Тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ ж. "__" ____ арналған квота шегiнде төлеуге жататыны, теңге

тонна (дана)

сомасы (теңге)

жыл басынан берi

20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңiнде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ________________________________ облысының
      (Астана және Алматы қалаларының)
      Ауыл шаруашылығы басқармасы
      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

Қағидаларға
10-қосымша

Бекiтемiн                
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)        
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрi)          
20  жылғы «  »             

082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы
нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тұқым
шаруашылығын қолдауға бөлiнген субсидиялар туралы
ақпарат

Субсидия алушылардың атауы

Субсидиялар берiлетiн iс-шаралардың атауы

Жыл басынан берi тиесiлi бюджеттiк субсидиялар сомасы, теңге

Нормативтiк құқықтық құжаттың атауы, күнi және нөмiрi

1

2

3

4

 

 

 

 

ЖИЫНЫ:

 

 

 

      ________________________________ облысының
      (Астана және Алматы қалаларының)
      Ауыл шаруашылығы басқармасы
      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы                  (Т.А.Ә., қолы)

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен   
бекiтiлген      

Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi
аналықтарын отырғызуға бюджеттiк субсидиялардың
нормативтерi

Р/с

Өнiмнiң түрi, iс-шаралар

1 тоннаға (дана, гектар) арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

1

2

3

Көбейту питомниктерi мен аналық нысандар

1

Жүгерi

332808

2

Қант қызылшасы

2728800

3

Басқа майлы дақылдар

161907

4

Қытай бұршақ

161907

5

Бiржылдық шөптер

56967

6

Көп жылдық шөптер:

 

бұршақты
дәндi

571733
219436

7

Көкөнiс

878400

8

Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарын отырғызу

1323723,4

9

Отырғызылған жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерi аналықтарының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету

1126047,2

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен   
бекiтiлген      

Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының
1 тоннасына бюджеттiк субсидиялардың
нормативтерi

Р/с

Өнiмнiң түрi

Элиталық тұқымның 1 тоннасына (данаға) бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге (дейiн)

1

2

3

1

Жұмсақ бидай

19330

2

Қатты бидай

20160

3

Қара бидай

19330

4

Арпа

15080

5

Сыра дайындауға арналған арпа

15900

6

Сұлы

15080

7

Тары

18400

8

Қарақұмық

21120

9

Жүгерi:

 

кеш пiсетiн, орташа-кеш және орташа пiсетiн бiрiншi ұрпағының будандары, бiрiншi репродукциялы будандық популяциялар;

130264

ерте пiсетiн бiрiншi ұрпағының будандары, бiрiншi репродукциялы будандық популяциялар

94746

10

Күрiш

52007

11

Асбұршақ

23270

12

Ноқат

23950

13

Қытайбұршақ

23870

14

Басқа дәндi бұршақты дақылдар

17670

15

Күнбағыс:

 

элиталық тұқымдар;
бiрiншi ұрпағының будандары

249715
221715

16

Рапс

150000

17

Басқа майлы дақылдар

100441

18

Картоп

55519

19

Көкөнiс

1000000

20

Көп жылдық шөптер:

 

бұршақты
дәндi

309940
223170

21

Бiржылдық шөптер

184430

22

Қант қызылшасы

2108300

23

Бiрiншi репродукцияны қоса алғанда, мақта:

 

механикалық әдiспен тазаланған кезде
химиялық әдiспен тазаланған кезде

48151
141611

24

Жемiс дақылдарының көшеттерi

140

25

Жүзiм көшеттерi

90

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 ж 07.18

 


2016-07-18 11:35:01

Сондай-ақ оқыңыз