Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

 

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды
Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

 

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

1) бірінші бағдарлама «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарынының (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымдары) бірінші және үшінші санаттарына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»(10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»(10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестерді қамтиды.

 

Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.

 

2) екінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.

 

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.

 

3) үшінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының төртінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестерді қамтиды.

 

Үшінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутты құрайды.

2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.

         

 


 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

1. уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2. уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

           Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен жаңа Ереже (бұдан әрі – Ереже), мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламалары бекітілді.

           «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне сәйкес тестілеу үш бағдарламадан тұрады.

Бірінші бағдарлама: 9 Заң, 110 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (135 сұрақ) 95 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

Екінші бағдарлама: 8 Заң, 100 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (120 сұрақ) 72 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

Үшінші бағдарлама: 6 Заң, 80 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (90 сұрақ) 45 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.

Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішіндеавтоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.

           Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

         Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.

Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Қосымша ақпаратты Ақсу қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінен білуге болады:

 

Қошбаева Айгүл Әжибекқызы, бөлімнің басшысы,

жұмыс тел. 8/7182/ 63631, эл. пошта koshbaeva.aigul@pavlodar.gov.kz,

Абельдинова Зарина Темирболатқызы, бас маман,

жұмыс тел. 8/7182/ 66577

 

 

 

 

 

2016ж. 03.03.


2015-06-03 16:29:58

Сондай-ақ оқыңыз