Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Ақсу қаласында 2020 жылға

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                         “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                                және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына,                  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы”        Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес,                                                     қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1. Ақсу қаласында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

          2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

          3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                     Б. Ыбыраев

 


2020-05-18 17:12:20

Сондай-ақ оқыңыз