Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

 

Жоба

 

  

    Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2019 жылғы   13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдықокругінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылының келесі көшелері:

         «Красноармейская» көшесі «Атамекен» көшесі болып;

«Школьная» көшесі «Ардагерлер» көшесі болып қайта аталсын.

 «Школьная Тұйық»  көшесі «Атамұра» көшесі болып;

         «Новостроительная» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі болып;

«Торговая» көшесі «Ақмешіт» көшесі болып қайта аталсын.

         2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

         3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәмәйіт Омаров атындағы

ауылдық округінің әкімі                                                 Б. Сукер

 

 

 


2020-01-14 18:40:55

Сондай-ақ оқыңыз