Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің Ақжол ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

ЖОБА

 

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2- тармағына сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің Ақжол ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкімі м.а ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қалқаман ауылдық округінің Ақжол ауылындағы келесі көшелері:

«Тельман» көшесі «Бірлік» көшесі болып;

«Куйбышев» көшесі «Ертіс» көшесі болып;

«Лихачев» көшесі «Атамекен» көшесі болып;

«Клубная» көшесі «Аққу» көшесі болып;

«Лермонтов» көшесі «Малайсары батыр» көшесі болып;

«Октябрьская» көшесі «Жеңіс» көшесі болып қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалқаман ауылдық

округі әкімінің м.а.                                                            Б. Бердалинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2020-01-14 17:17:01

Сондай-ақ оқыңыз