Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімдігінің, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауыл су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының ЖАРҒЫСЫ

Ақсу қаласының әкімдігінің

2020 жылғы “___” _______________

№_____ қаулысымен

Бекітіледі

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылықт жүргізу құқығындағы «Ауыл су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Мемлекеттік кәсіпорын) ұйымдастыру құқықтық нысанындағы мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы заңды тұлғасы болып табылады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорын Ақсу қаласы әкімдігінің 2020 жылғы «___» _______________ «Ақсу қаласы әкімдігінің, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауыл су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» № _____ қаулысына сәйкес құрылды.
  3. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы Ақсу қаласының әкімдігі болып табылады.
  4. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқығына субъект құқығын Ақсу қаласының әкімдігі жүзеге асырады.
  5. Мемлекеттік кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
  6. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілде толық атауы: Ақсу қаласы әкімдігінің, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауыл су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

Орыс тілде толық атауы: коммунальное государственное предприятие «Ауыл су сервис» на праве хозяйственного учреждения «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Аксу», акимата города Аксу.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның орналасқан жері: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72.

 

  1. 2.                Мемлекеттік кәсіпорынның Заңды мәртебесі

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап құрылады деп саналады және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынның жеке балансы, заңнаманға сәйкес банкте есепшоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мемлекеттік кәсіпорынның атауы жазылған мөрі бар.
  3. Мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы орган – Ақсу қаласы әкімдігінің  келісімімен басқа заңды тұлганы құра алады және оның құрылтайшысы бола алады.

Мемлекеттік кәсіпорын - табиғи монополия cубъектici, Ақсу қаласы әкімдігінің және табиғи монополиялар реттейтін нарық саласында баскаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен басқа заңды тұлғаны құра және оның кұрылтайшысы бола алады.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жататын, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңамалык актілерінде қарастырылмаған болса, Азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркелген сәттен жасалған деп саналады.

 

  1. 3.                Мемлекеттік кәсіпорынның қызметінің мәні мен мақсаты

 

12. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау болып табылады.

13. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мақсаты:

1) Ақсу қаласының Алғабас селолық округінің ауылдық елді мекендерінде су шаруашылығы, жылу және кәріз жүйелерін ұстау, пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы функцияларды жүзеге асыру;

2) реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер көрсету;

3) Ақсу қаласының Алғабас селолық округінің ауылдық елді мекендерінде қазандықтарды пайдалану және ұстау;

4) мемлекеттік кәсіпорынға басқару органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыс және басқару органының рұқсатымен шаруашылық қызмет.

14. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мемлекеттік кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) су шаруашылығы, кәріз және жылу жүйелеріне, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтерге қызмет көрсету;

2) Ақсу қаласының Алғабас селолық округінің ауылдық елді мекендерінде қазандықтарды пайдалану және ұстау;

3) мемлекеттік кәсіпорынға басқару органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыс және басқару органының рұқсатымен шаруашылық қызмет.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның осы Жарғысында бекітілген кызметтің мәні мен  мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметтерді жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынмен Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы кұжаттарымен нақты шектелген оның қызметтерінің мақсаттарына қайшы келетш немесе басшының жарғылық құзыретін бұзумен жасалған мәміле жергілікті атқарушы орган немесе Мемлекеттік кәсіпорын Басқару органының, облыстық коммуналдық мүлікке иелі жасауға уәкілеттігі бар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мумкін.
  3. Басшының мемлекеттік кәсіпорынмен жарғыға сай келмейтін кызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзуы болып саналады және тәртіптік пен материалдық жауапкершілікке тарту шараларын қолдануга әкеп соғады.

 

  1. 4.                Мемлекеттік кәсіпорынды басқару

 

  1. Жергілiктi атқарушы органы:

1)                Мемлекеттік кәсіпорынды кұру, қайта кұру және жою туралы шешімдерді қабылдайды;

2)                Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар еңгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, коммуналдық мүлкті басқаруға уәкілеттігі бар атқарушы органға уәкілеттік береді;

3)                Мемлекеттік кәсіпорынның бюджеттен қаржыландыратын қызметтің басты бағыттарын және міндетті жұмыс көлемін анықтайды;

4)                Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын және оны орындау бойынша есептерді қарастырады, келіседі және бекітеді;

5)                Мемлекеттік        кәсіпорынның даму жоспарының орындауына бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

6)                Мемлекеттік кәсіпорынға коммуналдык мүлкті бекітеді;

7)                Мемлекеттік кәсіпорынның пайдалану туралы, соңың ішінде оны кепілдікке, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік баскаруға беру туралы шешім қабылдайды;

8)                Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігін пайдалануға және сақтауға бойынша бақылауды жүзеге асырады;

9)                Мемлекеттік        кәсіпорынның мүлігін есепке алады, оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;

10)           осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларымен оған жүктелген басқа да уәкілеттіеді жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның органы оның директоры болып табылады.
  2. Директорды тағайындау, аттестация өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, ҚР Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
  3. «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік кәсіпорынның директорымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек келісім жасау арқылы еңбек қатынастарын ресімдейді.

Еңбек келісімінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген шарттардан басқа Мемлекеттік кәсіпорын басшысының бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігін уақытында аудармағаны ушін жауапкершілігі белгіленеді.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның директоры Мемлекеттік кәсіпорынның қаржы шаруашылық кызметіне және мүлігін сақтау ушін жеке жауапты болады.
  2. Мемлекеттік кәсәпорынның директоры Мемлекеттік кәсіпорында сыбайлас-жемкорлыққа қарсы ұйымдастыру үшін дербес жауап береді.
  3. Мемлекеттік кәсіпорынның директоры дара басшылық қағидаты негізінде қызмет етеді және Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ осы Жарғымен аңыкталатын оның кұзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Директор:

1)                Мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз ic-әрекет жасайды және оның мүдделерін барлық органдарында қорғайды;

2)                Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекте Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігімен басқарады;

3)   келісім-шарттар жасайды және басқа мәмілелер жасайды;

4)                сенімхаттарды береді;

5)                банк шоттарын ашады;

6)                Мемлекеттік кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар және нұскаулар береді;

7)                Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерімен жұмысқа қабылдайды және еңбек шартын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады.

Мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтерін мемлекеттік кәсіпорынның директоры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.еңбекті төлеу формаларын, штат кестесін, лауазымдық жалақы мөлшерлерін, Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне сыйақы беру және басқа көтермелеу жүйесін еңбекті төлеудің белгіленген қор шегінде бекітеді.

8)                мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерін қоспағанда) еңбекақы төлеудің белгіленген қоры шегінде еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін бекітеді;

9)                «Ақсу қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына өз орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін кандидатураларды ұсынады;

10)           өз орынбасарларының және мемлекеттік кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11)           Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

  1. 5.                Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігі

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігіне Мемлекеттік кәсіпорынның активтepi жатады, олардың кұны оның балансында көрсетіледі.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігі бөлінбейтін болып келеді және салымдар бойынша, соның ішінде Мемлекеттік кәсіпорынның кызметкерлері арасында таратылмайды.
  3. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігі:

1)                меншік иeci берілген мүлігі;

2)                өз қызметі нәтижесшінде сатып алынған мүлік;

3)                 Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған басқа кipic көздері арқылы қалыптасады.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде оның жарғылық мақсаттарымен қарастырылған кызметін қамтамасыз ету қажетті мүлік немесе осы қызметтің өнімі болып келетін мүлік бола алады.
  2. Шаруашылық жүргізу құқықтарын алу және тоқтату жеке меншік құқығын немесе заттық құқықтарын алу және тоқтату үшін, егер осы Жарғыда көзделмесе немесе осы заттық құқықтарын мәніне қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қарастырылған жағдайларда және тәртіпке жузеге асырады.
  3. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудан түскен табыстар және Мемлекеттік кәсіпорынмен келісім негізінде немесе басқа негіздерде сатып алынған мүлік, Мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне меншік кұқығын алу ушін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте түседі.
  4. Меншік иесімен мүлікті Мемлекеттік кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылданған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен бекітілмеген болса, Мемлекеттік кәсіпорында мүлікті оның балансына бекітілген сәтте пайда болады.
  5. Мемлекеттік кәсіпорын негізгі қаражаттарға жататын мүлікті сату - сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімдері негізінде иелігінен шығаруға құқығы жоқ.
  6. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігіне шаруашылық жүргізу құқығы, меншік құқығын тоқтату ушін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабымен қарастырылған негіздерде және тәртіпте, сондай-ақ, осы Жарғының 32-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Осы Жарғының 34-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығын меншік иесінің шешімі бойынша Мемлекеттік кәсіпорыннан мүлікті заңды түрде алып қою жағдайларында тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына әcipece мыналар жатады:

-           Мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығында жарғылық кызметтің максаттарына сәйкес келмейтін мүлікті алып қою;

-       пайдаланбайтын немесе мақсатына қарай пайдаланбайтын артық мүлікті алып қою.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік кәсіпорынға (жедел басқару құқығында) бекітіліп берілген мүлікті тиісті әкімдіктің уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюға не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде жергілікті бюджеттен реттелетін жергілікті атқарушы орган коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті ұстау және оның өзге тұлғаға берілгенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді.
  3. Мемлекеттік кәсіпорын басқару органының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен:

1) филиалдар, өкілдіктер құру;

2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесілі акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешекке билік етуге;;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлікпен немесе кепілдікпен беруге;;

4) қарыздар беруге;

  1. Мемлекеттік кәсіпорын өзіне шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
  2. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде немесе жергілікті атқарушы орган өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 38 және 39-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалатын мәмілелерден алынған ақшаны мемлекеттік кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

  1. 6.     Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорын өз кызметінен түскен жеке табыстары есебінен жұмыс істейді.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынның кызметінен алынған таза табыстың аударымдар нормативтері жергілкп атқарушы органмен белгіленеді.

Мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен белгіленген тәртіптегі нормативтер бойынша тиісті бюджетке аударылуға жатады.

Мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының бөлігін тиісті бюджетке корпоротивті iшкi табыс салық декларациясын тапсыру үшін белгіленген он жұмыс күнінен кешіктірмей аударуды жүргізеді.

  1. Мемлекеттік кәсіпорын өндірген өнімін өз бетінше icкe асырады.
  2. Мемлекеттік кісіпорынмен өндірілетін және сатылатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасы Басқару органның келісімі бойынша белгіленеді.

Тиісті тауар нарығында басым орын алатын немесе монополистік жағгдайдағы табиғи монополия субъектілеріне немесе нарық субъектілеріне жататын шаруашылық жүргізу құқығында Мемлекеттік кәсіпорынмен өндірілетін және сатылатын қызметтерге бағалар тиісті тауар нарығында басым немесе монопорлистік жағдайда орын алған табиғи монополия субъектілерінің және нарық субъектілерінің баға қалыптасуын реттейтін Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы”, “Бәсекелестік туралы” Заңдарының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын есепке ала отырып белгіленеді.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғымен қарастырылмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған қызметтен алынған табыстары, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құрылған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді icкe асырудан белгіленген бағаларды көттеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджетке алуға жатады. Егер, мүлік бухгалтерлік есеп ережелері бойынша тиісінше көрсетпей пайдалану фактілepi анықталган жағдайда, ол бюджетке алынуы тиіс.

 

  1. 7.                Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

46. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 1 202 319 558,00 (бір миллиард екі жүз екі миллион үш жүз он тоғыз мың бес жүз елу сегіз) теңге 00 тиын құрайды.

Жарғылық капитал Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тіркеу сәтінде құрылтайшымен толық қалыптастырылған.

 

  1. 8.                Мемлекеттік кәсіпорынның есебі және есеп беруі

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтерлік eceбін жургізу және қаржылық есебін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және eceбi туралы заңнамасына және Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес, жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бектлген есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есебіне мыналар кіреді:  бухгалтерлік баланс, кipic және шығындар туралы есеп, ақша қаражаты қозгалысының eceбi, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.

 

 

 

  1. 9.                Мемлекеттік кәсіпорынның жауапкершілігі

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиісті барлық мүлікке жауапты болады.

 

  1. 10.           Еңбек ұжымымен қарым-қатынастары

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім-шартқа сәйкес анықталады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс тәртібі iшкі тәртіп ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қарама-қайшы болмау керек.

 

  1. 11.           Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшері жыл сайын Басқару органымен белгіленеді.
  2. Еңбекақы төлеу нысанын, штат кестесін, лауазымдық айлықақы мөлшерін, сыйақы және өзге де сыйлықтарды беру жуйесі Мемлекеттік кәсіпорын еңбекақының бекітілген қоры шегінде өздігінше белгілейді.
  3. Мемлекеттік кісіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларының мөлшері, оларға сыйлық және өзге де сыйақы беру жүйесі Басқару органмен белгіленеді.

 

  1. 12.           Мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру және тарату

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
  2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
  3. Несие алушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін таратылған Мемлекеттік кәсіпорынның қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Несие алушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін таратылған Мемлекеттік кісіпорынның калған ақшасы, Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігн сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, жергілкті бюджет кірісіне аударылады.

 

  1. 13.           Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Басқару органның ұсынымы бойынша жергілкті атқарушы органнын шешімімен атқарылады.

 

  1. 14.           Мемлекеттік мулік жөніндегі уәкілетті органның

заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы

өзара қарым-қатынастары

 

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық мемлекеттік тілде атауы: Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауыл су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныны мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның заңды тұлғаныңәкімшілігі мен оның еңбек ұжымынындағы өзара қарыс қатынастар Қазақстан Республикасының зандылығына сәйкес.

 

 

Директор              _____________________                  __________

                                                            Т.А.Ә.                                                     қолы

                                                                                        


2020-01-14 11:39:32

Сондай-ақ оқыңыз