Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімдігінің, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Ауыл су сервис” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 102, 103, 192-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының  31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 132, 133, 134-баптарына сәйкес,  қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Ауыл су сервис” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – “Ауыл су сервис” КМК) құрылсын.

2. Қоса берілген  “Ауыл су сервис” КМК Жарғысы бекітілсін.

3. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі “Ауыл су сервис” КМК мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

4. “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары                Б.С. Умархановқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                    Б. Ыбыраев


2020-01-14 11:33:51

Сондай-ақ оқыңыз