Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 382/34 және Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 6 бірлескен шешімі мен қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қазанда № 6566 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 14 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің "Путь Ильича" ауылы "Еңбек" ауылы болып;

Май ауданы Саты ауылдық округінің "Қызыл-Октябрь" ауылы "Абай" ауылы болып;

Павлодар ауданының "Красноармейка" ауылы "Кемеңгер" ауылы және "Красноармейка ауылдық округі" "Кемеңгер ауылдық округі" болып қайта аталсын.

2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Павлодар облысының әкімі

Б. Бақауов

      Сессия төрағасы

Е. Арынов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Б. Бексейітова


2019-10-28 18:57:55

Сондай-ақ оқыңыз