Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Гребенюк» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасына баспасөз-релизі

 

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Гребенюк» шаруа қожалығыныңаумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды аяқтау болып табылады.

Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы       10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының  8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы                   17 ақпандағы № 2-19/65 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Гребенюк» шаруа қожалығыныңаумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылады.

Шешім жобасымен Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Гребенюк» шаруа қожалығыныңаумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6688 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын;

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Пограничник ауылының «Гребенюк» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/15   шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3164954

 ашық НҚА порталында орналастырылған.

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

 

Достық ауылдық

округінің әкімі                                                               Ж. Каирханов 


2020-02-18 18:25:43

Сондай-ақ оқыңыз