Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық

жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің

қаулысы мен мәслихат шешіміне

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес енгізіледі.

Ақсу қаласының қалалық тұрақты тасымалдауларына «Bus-pvl» ЖШС мен «Аксутрансбизнес» ЖК-нің тасымалдаушылары қызмет көрсетеді, маршруттар бойынша автобустардың 30 бірлігі жұмыс жасайды, техникалық бүлінулер орын алған жағдайда резервтегі автобустар шығарылады. 12 тұрақты қалалық маршруттар жұмыс жасайды, соның ішінде 2 №№6,7 саябаққа апаратын.

Қазіргі таңда Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпандағы жергілікті «Ақсу жолы» мен «Новый путь» газеттерінде жарияланған) бірлескен қаулысы меншешімі қолданыста.

Ақсу қаласының жолаушылар тасымалының қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ қоғамдық көлікте билеттендірудің бірынғай электрондық жүйесін еңгізу мақсатында, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемелекеттік мекемесі «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасын қарауға енгізеді.

Жоба «Электрондық Үкімет» интернет-порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған: https://legalacts.egov. kz/ arm/ admin/ viewcard?id=3161318

 

 


2019-12-27 11:32:39

Сондай-ақ оқыңыз