Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының және Сарышығанақ ауылының көшелерін қайта атау туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңыңың 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы Қызылжар және Сарышығанак ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және  2019 жылғы  13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің  Қызылжар ауылында   «Береговая» көшесі «Жастар» көшесіне, «30 лет Целины» көшесі  «Бейбітшілік» көшесіне, «Гагарин» көшесі «Тәуелсіздік» көшесіне,  «Садовая» көшесі «Ынтымақ»  көшесіне, «Строительная» «Достық» көшесіне, «Энтузиастов» « Малайсары батыр» көшесіне.

2.Сарышығанак ауылында «Переулок-1» көшесі «Айбат» көшесіне, «Переулок-2» көшесі  «Береке» көшесіне, «Восточная» көшесі «Қанай» көшесіне, «Луговая» көшесі «Тасқын» көшесіне, «Строительная» көшесі «Тастенбек Қожаұлы» көшесіне қайта аталсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім  оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күтізбелік күн өткен қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

      Қызылжар ауылдық

      округінің әкімі                                                          Ж. Әбікен                                                                  

 

 


2019-12-24 19:10:28

Сондай-ақ оқыңыз