Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен өткен жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ

Жолқұдық ауылы                                                                            2019 жылғы 18 желтоқсан

Жиналысты жүргізген – М.Ф. Валитов, Алғабас ауылдық округінің әкімі, жиналыс төрайымы.

Хаттаманы жүргізген:  С.Б. Темирбекова, Жолқұдық ауылының кітапханашысы;

Қатысқандар:  барлығы 1000 адам, жергілікті қоғамдастық өкілдері және ауыл тұрғындары.

 

Күн тәртібі:

1. Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас  ауылдық округін және Жолқұдық ауылының  атауларын Қанаш Қамзин ауылдық округі және Қанаш Қамзин ауылы деп қайта атау туралы.

            Ауылдық округтің әкімі М.Ф. Валитов өз баяндамасында ауылдық округте ономастика саласы бойынша атқарылған істер жөнінде мәлімдеме берді. Елді мекендер мен көшелердің  атауларын заманауи егеменді мемлекет талаптарына сәйкес болуы жөнінде сөз қозғады. Ауыл тұрғындарынан түскен өтінішке сәйкес ауылдық округпен ауылдық атауын өзгерту сурағын шешу бойынша шешім қабылдауды сұрады.

            Сөз сөйлегендер:

Каиртас Марденов ауыл тумасы,  Қанаш Қамзинды білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Бұрынғы атауын Қанаш Қамзин ауылы қайтарған дұрыс деп есептеймін. Ауыл тұрғындары қолдайды оған сенімдімін.

М.А. Ашықпаев ауыл тұрғыны, зейнеткер, Қанаш Қамзин ҰОС ерлік көрсетіп, батыр атанған аталарымыздың біреуі, есімін Алғабас ауылдық окрігіне және ауылға беруге ешкім қарсы болмайды деп ойлаймын.

Ж. Динтаев Айнакөл ауылының тұрғыны, зейнеткер: Аталған ұсынысты қолдаймын.

Д.А. Магазов ауыл тұрғыны, мұғалім,  Қанаш Қамзин есімін ауылға беруді қолдайтынын айтты.

Р.А. Кулышева ауыл тұрғыны, зейнеткер   Қанаш Қамзин есімімен Алғабас ауылдық округтін  және ауылды атауға қарсы емес екенін білдірді.

Б.Ж.Макашев ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Қанаш Қамзин есімімен берсеніздер өте қуанышты болатының айтты.

Қорытынды жасау үшін жиналыс төрайымы М.Ф. Валитов Алғабас ауылдық округін және Жолқұдық ауылының атауларын Қанаш Қамзин ауылдық округі және Қанаш Қамзин ауылы деп қайта  атау үшін дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру қорытындысы:

“Қолдайды” -  1000  адам;

“Қарсы” -   жоқ;

“Қалыс қалғандар” -  жоқ.

Шешім қабылданды:

Дауыс беру қорытындысы бойынша Алғабас ауылдық округін және Жолқұдық ауылының атауларын Қанаш Қамзин ауылдық округі және Қанаш Қамзин ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс қабылданды.

           

Жиын төрайымы,

ауылдық округінің әкімі                                                     М.Ф. Валитов

Хатшы                                                                                     С.Б. Темирбекова


2019-12-19 17:01:15

Сондай-ақ оқыңыз