Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ақсу қаласы әкімдігінің

«Ақсу қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифтерді белгілеу туралы» қаулы жобасына

 

 

Қаланың осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» заңының 19-бабына сәйкес енгізіледі.

Ақсу қаласының қалалық тұрақты тасымалдауларын «Bus-pvl» ЖШС мен «Ақсутрансбизнес» ЖК тасымалдаушылары қызмет көрсетеді, маршруттар бойынша автобустардың 30 бірлігі жұмыс жасайды, техникалық ақаулықтар орын алған жағдайда резервте тұрған автобустар шығарылады.

Жолаушылар көлігі қаланың тіршілік әрекетінің маңызды механизімін білдіреді және түрлі өндіріс сияқты қозғалмалы құрамының жаңартылуына, ағымдық және күрделі жөндеулерге, бюджетке тұрақты еңбекақылар мен салықтарды төлеуге мұқтаж.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде және жолаушылар көлігі жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру, жолаушылар тасымалының қызмет көрсету сапасын, қылмыс жиі жасалатын жағдайды, жолаушылар легінің абсолюттік есебін жақсарту, қаржы ағынының айқындығын арттыру, Ақсу қаласында қоғамдық көліктегі жолақы төлеудің электрондық жүйесін жұмыс жасауын және кешенді алып жүруді қамтамасыз ету бойынша жолаушылар тасымалының көрсетілген қызметтеріне бақылауды күшейтуден жергілікті бюджетке түсетін қосымша салықтарды алу мақсатында, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған сараланатын тарифтерді белгілеу туралы жобаны қарастыруға енгізеді.

         Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» интернет-порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған:https://legalacts. egov.kz /arm/ admin/ viewcard ?id = 3161149


2019-11-22 17:23:34

Сондай-ақ оқыңыз