Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімінің «Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

Ақсу қаласы әкімінің

«Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының

күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына

баспасөз-релизі

 

 «Ақсу қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қаласы әкімінің «Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі – қаулы жобасы).

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына,                                          Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасына Ақсу қаласы әкімінің қаулы жобасына 2 қаулы жобасы кіргізілді:

1) Ақсу қаласы әкімдігінің2017 жылғы 27 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 31/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5364 болып тіркелген, 2017 жылғы  10 ақпанда № 6 «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған);

2) Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5854 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған).

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты, көрсетілген қаулылардың күшін жою туралы қала әкімінің қаулы жобасын қабылдау қажет.

Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2363184

 

30.05.2019


2019-06-18 11:30:31

Сондай-ақ оқыңыз