Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімінің «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі

«Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қаласы әкімінің «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» шешімінің жобасы әзірленді (бұдан әрі - шешім жобасы).

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы                                    25 желтоқсандағы  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505-бабына, 509-бабының                       3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі  «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленді.

Жаңа Салық кодексі қабылданғанына байланысты құқықтық актілерді заңнамаға сәйкес келтіру талап етіледі.

Шешім жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2074284

 


2019-02-13 09:58:43

Сондай-ақ оқыңыз