Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімінің «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге арттыру туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі

«Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қаласы әкімінің «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының  жерлеріне жер салығының және  бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін

он  есеге арттыру туралы» шешімінің жобасы әзірленді (бұдан әрі - шешім жобасы).

Шешім жобасы Қазақстан Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жаңа Салық кодексі қабылданғанына байланысты құқықтық актілерді заңнамаға сәйкес келтіру талап етіледі.

Шешім жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2074284

 

 


2019-02-13 09:57:35

Сондай-ақ оқыңыз