Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімінің «Ақсу қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына баспасөз-релизі

«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қаласы әкімінің «Ақсу қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы әзірленді (бұдан әрі - шешім жобасы).

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына,                                          Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасына Ақсу қаласы әкімінің шешім жобасына 3 шешім жобасы кіргізілді:

1) Ақсу қаласы әкімінің 2017 жылғы 8 тамыздағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5617 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

2) Ақсу қаласы әкімінің 2017 жылғы 26 қазандағы «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде             № 5656 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

3) Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 5854 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған).

Төтенше жағдайдың салдары жойылуына байланысты,  көрсетілген шешімдердің күшін жою туралы қала әкімінің шешім жобасын қабылдау қажет.

Шешім жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Шешімнің жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2074284

 

 


2019-02-11 10:22:46

Сондай-ақ оқыңыз