Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласында орналасқан "Даурен Д" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақсу қаласында орналасқан "Даурен Д" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 5857 болып тіркелд

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2 тармағына,  Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2 тармағының  9) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласында орналасқан "Даурен Д" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдарда бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қолдану ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.А. Мусинге жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі

Н. Дычко

      "КЕЛІСІЛДІ"

 

      "Ақсу қалалық қоғамдық

 

      денсаулық сақтау басқармасы"

 

      республикалық мемлекеттік

 

      мекемесінің басшысы

А. Жалелов

      2018 жылғы "30" қаңтар

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

 

      "Қазақстан Республикасы

 

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау

 

      комитетінің Ақсу қалалық аумақтық

 

      инспекциясы" мемлекеттік

 

      мекемесінің басшысы

Г. Батаев

      2018 жылғы "30" қаңтар

 

2018-05-31 10:52:59

Сондай-ақ оқыңыз