Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 5854 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласының және қаланың ауылдық аймақтарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арынов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арыновқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі

Н. Дычко


2018-05-31 10:51:43

Сондай-ақ оқыңыз