Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 93/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 5919 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабы 2, 5 -тармақтарына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф бір сапар үшін:

      қала ішінде 70 (жетпіс) теңге көлемінде;

      қоныстану аймағы сыртына 90 (тоқсан) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арыновқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі

Н. Дычко

      "КЕЛІСІЛДІ"

 

      Ақсу қалалық

 

      мәслихатының хатшысы

М. Омаргалиев

      2018 жылғы "27" ақпан

 

 

 

 

 


2018-05-31 10:36:10

Сондай-ақ оқыңыз