Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласында 2017 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 1007/11 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Ақсу қаласында 2017 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 1007/11 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

     Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 523/18 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 тамызда № 5602 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы

  2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Ақсу қаласында 2017 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 1007/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5326 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қаңтарда "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

      Қала әкімі

Н. Дюсимбинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 19.09.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2017-09-19 10:14:13

Сондай-ақ оқыңыз