Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Путь Ильича ауылының және Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының көшелерін қайта атау туралы

Павлодар облысы Ақсу қалаcы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 5583 болып тіркелді

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы және Путь Ильича ауылындағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Путь Ильича ауылындағы келесі көшелері:

      "Ленин" көшесі "Әлихан Бөкейханов" көшесі болып;

      "Садовая" көшесі "Ілияс Жансүгіров" көшесі болып;

      "Пролетарская" көшесі "Еңбек" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Мәмәйіт Омаров атындағы ауылындағы "Ақтоғай" көшесі "Рашат Бекжанов" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округінің әкімі

Ж. Қайырханов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 10.08


2017-08-10 12:48:09

Сондай-ақ оқыңыз