Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

 

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5364 болып тіркелді

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүргізу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Мына:
      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысының (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4983 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 691/8 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5196 болып тіркелді, 2016 жылғы 12 тамызда № 32 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З. Арыновқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі

Н. Дүйсимбинов

 

Ақсу қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ 31/1 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай
ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар
және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/с

Атауы

1.

Қалалық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алулары

2.

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен, алайда жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда конкурс (аукцион) тәсілімен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алулары

      

 

 

 

 

 

2017 ж 10.08


2017-08-10 11:59:18

Сондай-ақ оқыңыз