Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы.

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 1006/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5319 болып тіркелді

 

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы "2016 жылға Ақсу қаласының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 538/6 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5166 болып тіркелді, 2016 жылғы 22 шілдеде № 29 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі

Н. Дүйсимбинов

 

Ақсу қаласы әкімінің
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1006/11 қаулысына
қосымша

Ақсу қаласы бойынша мүгедектер
үшін жұмыс орындарының квотасы

№ п/п

Ұйымдар тізбесі

Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектер үшін жұмыс орындары саны (адам)

1

"Қазхром" Трансұлттық компания" Акционерлік қоғамының филиалы-Ақсу ферроқорытпа зауыт"

1076

4%

43

2

"Еуразиаттық энергетикалық корпорация" акционерлік қоғамы

934

4%

37

3

"Энергетик" пәтер меншік иелерінің тұтыну кооперативі

56

2%

1

4

Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу су арнасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2%

1

5

Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауық сервис" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

54

2%

1

6

Павлодар обласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

3%

1

7

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

739

4%

30

8

Ақсу қаласы әкімдігінің, "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу қаласының мәдени бос уақыт орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

116

3%

3

9

"Ақсу қаласы әкімдігің "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі"

60

2%

1

10

"Уштерек и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

3%

3

11

"Кызылжар-Кус" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

216

3%

6

12

"МежГорТранс-ПВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

90

2%

2

13

"Еуразия" Медициналық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақсу филиалы

234

3%

7

 

 

 

 

 

20017 ж 01.24


2017-01-24 18:53:22

Сондай-ақ оқыңыз