Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жобасына баспасөз-релизі

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын байланысты шектеу іс-шараларды белгілеу болып табылады.

Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 2-19/1023 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленеды.

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2058724 Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 


2019-02-08 14:36:12

Сондай-ақ оқыңыз