Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасына баспасөз-релизі

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Береке ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды аяқтау болып табылады.

Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы  8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 16 қантардағы № 2-19/22 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Береке ауылы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылады.

Шешім жобасымен Достық ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылады:

1) Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі «Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 1-03/05 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2063542 ашық НҚА порталында орналастырылған.

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.


2019-02-08 14:35:40

Сондай-ақ оқыңыз