Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 16 қантардағы № 2-19/22 ұсынысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Береке ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі «Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 1-03/05 шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


2019-02-07 15:56:43

Сондай-ақ оқыңыз