Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі жобасына баспасөз-релизі

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Береке ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды аяқтау болып табылады.

Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы  8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 16 қантардағы № 2-19/22 ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Береке ауылы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылады.

Шешім жобасымен Достық ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылады:

1) Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі «Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 1-03/05 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасы 2019 жылғы 24 қаңтарда Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 


2019-02-07 10:49:20

Сондай-ақ оқыңыз