Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  Достық селолық округі Пограничник

ауылының аумағында шектеу

іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы

Достық селолық округі әкімінің

міндетін атқарушының 2017 жылғы

11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық

селолық округінің Береке және

Пограничник ауылдарының аумағында

шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»

№ 1-03/01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы    

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының                         2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы                                               8) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының2018 жылғы 27 шілдедегі № 2-19/693 ұсынымы негізінде, Достық селолық округінің әкімі                               ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу қаласы Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың кешенін жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы «Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03/01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін;

шешім тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Ақсу қаласы Достық селолық округі Береке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»;

1-     тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.».

3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

         4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Достық селолық

округінің әкімі                                                 Р. Жаксылыков

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауылшаруашылығы министрлігінің

ветеринариялық бақылау және қадағалау

Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық

инспекциясы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                             

Г. Батаев _________________

2018 жылғы «___» _________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу қаласының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы                                                                 

Д. Нуржанов _______________

2018 жылғы «___» _________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы»

республикалық мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                          

А. Жалелов _______________

2018 жылғы «___» _______


2018-08-28 16:39:22

Сондай-ақ оқыңыз