Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.Қосымшаға сәйкес, Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

         2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Х. Нуркеноваға жүктелсін.

         3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

         Қала әкімі                                                                             Н. Дычко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Ақсу қаласы әкімдігінің

                                                                             2018 жығы _ тамыздағы

                                                                           № _ қаулысына

                                                                            қосымша

 

 

Ақсу қаласы әкімдігінің

күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

 

           1.Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 16 қаңтардағы «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 22/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 4298 болып тіркелген,  2015 жылғы 20 ақпанда «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

    2. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 19 қаңтардағы «Ақсу қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»                    № 37/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 болып тіркелген,  2015 жылғы 27 ақпанда «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

3. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 3 сәуірдегі «Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 226/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4441 болып тіркелген,  2015 жылғы 30 сәуірде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

4. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 8  сәуірдегі «Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»  № 244/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4445 болып тіркелген,  2015 жылғы 30 сәуірде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

5. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 21 сәуірдегі «Ақсу қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 309/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4470 болып тіркелген,  2015 жылғы 29 мамырда «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

6. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 8 маусымдағы «Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 16 қаңтардағы «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” № 22/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 442/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4574 болып тіркелген,  2015 жылғы 10 шілдеде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

7. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 22 маусымдағы «Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 501/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4603 болып тіркелген,  2015 жылғы 24 шілдеде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

8. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 1 шілдедегі «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 529/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4607 болып тіркелген,  2015 жылғы 24 шілдеде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

9. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 7 шілдедегі «Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 538/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4626 болып тіркелген,  2015 жылғы 31 шілдеде «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

10. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 13 тамыздағы «Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 660/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4705 болып тіркелген,  2015 жылғы 18 қыркүйекте «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

11. Ақсу қаласы әкімдігінің2015 жылғы 24 тамыздағы «Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 688/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4714 болып тіркелген,  2015 жылғы 25 қыркүйекте «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған).

 


2018-08-23 12:27:22

Сондай-ақ оқыңыз