Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы «Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылында «Қызылжар-Құрмысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын орнату туралы № 1-04/06 шешімінің күшін жою туралы

жоба

 

 

 

 

 

Шектеу іс-шараларын тоқтату және

Қызылжар селолық округі әкімінің

міндетін атқарушысының

2017 жылғы 11 желтоқсандағы

«Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің

Қызылжар ауылында «Қызылжар-Құрмысы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

аумағында шектеу іс-шараларын орнату туралы

№ 1-04/06 шешімінің күшін жою туралы    

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы ветеринариялық-санитарлық бас инспекторы ұсынысы негізінде, Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ірі қара малдарды бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуге байланысты, Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылында «Қызылжар-Құрмысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы «Ақсу қаласы  «Қызылжар-Құрмысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы № 1-04/06 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2017 жылғы 29желтоқсанда «Ақсу жолы» және «Новый путь» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа еңгізіледі.

 

 

Қызылжар селолық

округі әкімінің міндетін атқарушы                               Ж.Әбікен

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы»

республикалық мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                        

А. Жалелов_______________

2018 жылғы «___» ________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу қаласының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекеме

басшысы                                                               

Р. Бекеев ______________

2018 жылғы «___» ________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Ауылшаруашылығы министрлігінің

ветеринариялық бақылау және қадағалау

Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық

инспекциясы» мемлекеттік

мекеменің басшысы                                                          

Ғ. Батаев________________

2018 жылғы «___» _______


2018-05-03 19:56:58

Сондай-ақ оқыңыз