Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Қызылжар аулының және Сарышығанақ ауылының көшелерін қайта атау туралы

Ақсу қаласы Қызылжар селолық

округі Қызылжар аулының және

Сарышығанақ ауылының

көшелерін қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қызылжар селолық округі Қызылжар және Сарышығанақ ауылдары тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қызылжар селолық округі Қызылжар ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:

«30 лет Целины» көшесі «Бейбітшілік» көшесі болып;

«Садовая» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі болып.

2. Қызылжар селолық округі Сарышығанақ ауылындағы «Переулок-1» көшесі «Бауыржан Момышұлы» көшесі болып;

«Переулок-2» көшесі «Береке» көшесі болып қайта аталсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Селолық округі әкімінің

міндетін атқарушысы Ж. Әбікен


2017-11-24 15:26:14

Сондай-ақ оқыңыз