Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Қызылжар-Құрымсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында мал шаруашылығы саласында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

ЖОБА

Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі

әкімінің м.а

ШЕШІМІ

 

 

 

«Қызылжар-Құрымсы» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің аумағында мал

шаруашылығы саласында

шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы

 

           

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының                    2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы                    7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар селолық округі әкімінің міндетін атқарушы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу қаласы Қызылжар селолық округінің Қызылжар ауылы аумағында орналасқан «Қызылжар-Құрымсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында мал шаруашылығы саласында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Ақсу қаласының ветериниария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылжар селолық округі

әкімінің міндетін атқарушы                                                  Ж. Әбікен

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Ауылшаруашылығы министрлігінің

ветеринариялық бақылау және қадағалау

Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық

инспекциясы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                             

Г. Батаев_________________

2017 жылғы «___» _________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу қаласының

ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы                                                                 

К. Амренов _______________

2017 жылғы «___» _________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы»

республикалық мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                          

А. Жалелов_______________

2017 жылғы «___» _________


2017-11-14 09:55:57

Сондай-ақ оқыңыз