Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің Евгеньевка ауылы, Үштерек ауылы және Сольветка ауылының көшелерін қайта атау туралы

               ШЕШІМ                                                     РЕШЕНИЕ

            Евгеньевка ауылы                             Cело Евгеньевка

Ақсу қаласы Евгеньевка

селолық округінің Евгеньевка

ауылы, Үштерек ауылы және

Сольветка ауылының көшелерін

қайта атау туралы

 

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Евгеньевка селолық округінің Евгеньевка ауылы, Үштерек ауылы және Сольветка ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы   21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Евгеньевка селолық округінің Евгеньевка ауылындағы келесі көшелері:

 «Интернациональная» көшесі «Достық» көшесі болып;

«Джамбула» көшесі «Жамбыл Жабаев» көшесі болып қайта аталсын.

2. Евгеньевка селолық округінің Үштерек ауылындағы келесі көшелері:

«Оштерекская» көшесі «Үштерек» көшесі болып;

«1 линия» көшесі «Атамекен» көшесі болып;

«2 линия»  көшесі «Шоқан Уәлиханов» көшесі болып;

«1 участок» көшесі «Әл-Фараби» көшесі болып қайта аталсын.

3. Евгеньевка селолық округінің Сольветка ауылындағы келесі көшелері:

«Калинина» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесі болып;

«Ленин» көшесі «Ахмет Байтұрсынов» көшесі болып қайта аталсын.

         4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
         5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Селолық округтің әкімі                                           Т. Бейсенбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 19.09


2017-09-19 15:27:24

Сондай-ақ оқыңыз